Жастар бас қосқан кештерде
Махаббат – ұлы жалғанда ең,
Теңесер оған кәне, күш!
Махаббат – асыл арман мен
Өртену, жану, сағыныш.
Махаббат – қуға жат мекен,
Құдірет оның аты....
Баршаңызды бүгінгі 1 мамыр халықтар достағы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Достықтарыңыз берік, жандарыңызға сәттілік серік болсын.
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
Қазақ - тойшыл қауым. Онымен таласымыз жоқ. Әйткенмен шешен бабаларының ұрпақтары бүгінде қуанышқа жиналса, ауыздарына сөз түспей біраз қысылып қалып жатады. "Өмірлік тілектер" болып сақталған "Көлдей көңіл, өзендей өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат" тілеу, әрине, артықтық етпейді. Бірақ бұл тілектердің заман тоздырғанына да біраз болды. Жас жұбайларға арналған тілектерді жаңартатын кез келді. Біз сіздерге жастардың неке тойында айтуға болатын біршама тілектер шоғырын ұсынбақпыз. Бастысы – тілегіңіз жүрегіңізді жарып шыққай!
Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!
Менің алтындарым, сендер өз еңбектеріңмен және адал терлеріңмен осы үйдің кілтін қолдарыңа алып, оң аяқпен аттап отырсыңдар. Бұл үшін біз тек қана қуанамыз. Бүгін жаққан ошақтарыңның оты ешқашан сөнбесін. Екеу болып аттаған жаңа қоныстарың үбірлі-шүбірлі болған кезде, үлкен қара шаңыраққа айналсын! Біздей жас жұбайларға осындай пәтер жұғысты болсын.
Жаңа қоныстан қуаныш арылмасын. Осы үйдің табалдырығын жақсылықта ғана аттайық. Осы үйдің дастарханы қуанышқа ғана жайылсын! Қоныс құтты болсын!