Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
"Жақсы сөз - жарым ырыс" демекші, аталы сөзге тоқтап, сөз төркінін жүйелеп, астарын тереңнен түсіне білген қазақ жүрекжарды лебізін туған күнде де зерделі сөзбен зерлеуге құмар. Осы мақалада туған күнге арналған топтастырған ақ тілектерімізді қабыл алыңыздар!
автор: Төлебаев Бағдәулет
Туған күнге арналған тілектер мен құттықтаулар жинағы
Мазмұны:
- Қысқаша тілектер
- Туған күнге открытка қазақша
- Досыма туған күнге тілек
- Ағама туған күнге тілек
- Әкеме туған күнге тілек
- Анама туған күнге тілектер
- Әпкеме туған күніне тілек
- Бауырыма, ініме, ағама арналған тілектер
- Қарындасыма, сіңіліме тілектер жинағы
- Балаға, ұлыма, қызыма арналған құттықтаулар
- Әріптеске туған күнге тілек
- Сайттағы барлық туған күнге құттықтау тілектер жинағы (барлығы 302)
Туған күнге тілектер
"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның - жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
* * * * * *
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!
Жүрегіңізге иман, басыңызға ақыл, сөзіңізге нақыл, өжеттілік, айбат, қажымайтын қайрат тілеймін. Бойыңа сергектік , имандылық, еңбекқорлық, сенімділік тілеп туған күніңмен құттықтаймын.
* * * * * *
Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарыңның ортасында қартаймай, жақындарың мен туыстарыңның сәні, өмір бақшасының әні болып жүре бер. Туған күнін құтты болсын.
* * * * * *
Құрметті … туған күнін құтты болсын!
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы жанға әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілеймін! Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық өтсін деген тілегімді қабыл ал.
* * * * * *
Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіне тілектеспін. Сені тек биік шындардан көрейік. Өмірдегі бар жақсылықты Алла нәсіп етсін. Шаңырағыңа береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың - аcқақ, шығар биігің aсқарaлы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
* * * * * *
Бүгін сенің туған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Құрметті …!
Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.
Құрметті .....! Сізді бүгінгі күні өмірге келген туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Қызыметіңізде әрбір ісіңіз оң болып, абыройыңыз асқақтай берсін! Еңбегіңіз жанып, жемісін көре беріңіз!
* * * * * * * * * * * * * *
Ардақты асыл жан ......! Сізді бүгінгі тулған күніңізбен құттықтаймын! Қыстай мықты денсаулық, көктемдей жаңа күн, жаңарған тіршілік, жаздай жайдары көңіл, күздей жарқыраған, алтындай өмір тілеймін! Жүзіңізді мұң шалмасын! Жаныңызға жақын жандардык ортасында, жаныңыз жадырасын! Әр туған күніңіз бақытты да шаттықты сәттерін көптеп сыйлай берсін!
* * * * * * * * * * * * * *
Аяулы да, қымбатты ... ! Туған күніңіз құтты болсын! Жасыңызға жас қоса беріңіз! Әр туған күніңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Жаныңызға жақын жандардың ортасында бақытқа кенеле беріңіз!
* * * * * * * * * * * * * *
Бүгін өзі ерекше, мерекелі күн. Осындай мерекелі күнде туылып, айналасын шуақты етіп жіберген бір ерекше жан бар! Сол жанды бүгінгі жеке меншік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сізге өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Әр күніңіз берекелі, мерекелі болсын!
* * * * * * * * * * * * * *
Аса қадірлі, құрметті жан ....! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Жаңа жасыңыз бар жақсылығын сыйлай берсін! Өміріңіз жанданып, көңіліңіз шырайлана түссін! Саулығыңыз мықты болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, бақытыңыз баянды болсын!
* * * * * * * * * * * * * *
Сені бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын! Саған бар жақсылықты тілей отырып, Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жақсы күннің көбін, қиындықтың жоғын тілеймін! Отбасың, бала-шағаң аман болсын!
* * * * * * * * * * * * * *
Жаздың жайма шуақ күнінде келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Көңілің көтеріңкі болып, жаның жаздай жадырай түссін! Әрбір күнің сәттілікке толы болып, шаңырағыңнан береке кетпесін!
* * * * * * * * * * * * * *
Күз айының алғашқы айында келетін бүгінгі туған күнің құтты болсын қарағым! Саған аспанның ашығын, атқан таңның шапағатын, арманның асылын тілеймін! ӘӘрбір күні жаның жадырап, жаның жаманшылық көрмесін!!
* * * * * * * * * * * * * *
Құтты болсын туған күнің, мерекең! Саған әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін! Денсаулығың мықты болып, өз ортаңда абыройың асқақтай берсін! Шығар асуың көп болсын! Жүзіңнен күлкі кетпей, жаның жадырасын! Әр туған күнің бақыты мен шаттығын ала келсін!
* * * * * * * * * * * * * *
Көктемнің жанға жайлы күнінде өмірге келген .... ! Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, жаның жадырай түссін! Жанарыңнан бір тамшы жас құламасын, бақыт, бақыт, тек қана бақыт тілеймін!
* * * * * *
Көңіліңіз көктемнің шуақты күніндей болып, жылы жүзіңізден күлкі кетпесін.
Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын. Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.
Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!
Жыл сайын жаныңызға нұр, құшағыңызға гүл, жанұяңызға әсем ән сыйлайтын тәл мерекеңіз құтты болсын. Алла Тағала таусылмас бақытка кенелтіп, атар таңдыарыңызды тек жақсылықтармен қарсы алып, әр күніңіз нұрлы болсын. Көңіліңізде көктем әні шырқалсын. Әулетіңіздегі бірлік пен татулық нығая берсін.
Құрметті … туған күніңмен құттықтаймын!
Біз өзіңізге өкінбес өмір, кіршіксіз көңіл, сарқылмас бақыт, шалқыған шаттық, тұнық тыныштық, отбасыңызға ырыс – құт тілейміз. Әрқашан Алланың нұры жауып, ортамызда аман – есен жүріңіз. Асау толқынды өмір арнасында жанұяңыз бақ пен қуаныш нұрына шомылып, жыры мен сыры, әні мен мәні көп жақсылық жайлаған жағалауға тұрақтаңыз.
Өрге өрлейтін өмір – ол өмірді жеңетін алтын уақыт. Ешқашан таусылмайтын бақыт, сөнбейтін шырақ, әрқашан орындалар арман тілейміз. Аман болыңыз.
Туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын!
Өмірің мәнді, шаңырағың сәнді болғай! Дастарқаныңнан дәм-тұзың үзілмей, барың берекеге, берекең мерекеге ұлассын.
Сіздердің "айналайын" деген жылы сөздеріңізден, алақандарыңыздан ешқашан Алла ажыратпасын. Алтындай бағалы, құндыздай жағалы, өркендеген ұрпақтарыңыздың үзілмес сабағы болыңыздар.
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы келінімізге әлемдегі бар жақсылықты , дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын анық етсін.
Сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!
* * * * * *
Күннен күнге құлпырып, күмбезіңізге нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңызға сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре беріңіз.
* * * * * *
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көзқуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
* * * * * *
Дендеріне саулық, бастарына байлық, кіршіксіз өмір, кірбіңсіз таза көңіл сыйласын. Өмірлері алаңсыз, қайғы-мұңсыз болсын. Ата - анасын әрдайым жақсы қырларымен қуантып, артқан үміттерін ақтасын. Өмірдегі өз жолын тауып, ел аузында жүрер айтулы азамат атансын. Мектепті тек бестік бағамен тәмамдап, білікті маман иесі болып, биіктерді бағындыра берсін.
Жанұяңа тілерім бақытты өмір
Қуаныш келе берсін ағыл-тегіл
Ұлдарың осы жылы аяқтанып
Қызықтап осы үйіңе келін түсір.
Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз.
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
Туган күнге қысқаша тілек өлеңдер
Жаңа жасың бақ әкелсін,
Әрбір күні күлімдеп сен.
Бар әлемнің бар жақсысын,
Бір өзіңе тілеймін мен. Туған күнде күлімдей түс,
Жүзіңнен нұр кетпесін.
Армандарың орындалып,
Бар жақсылық беттесін.
Жанарыңда мұң болмасын,
Туған күнің құтты болып.
Армандарың орындалсын,
Отбасыңа бақыт толып.
Туған күнің құтты болсын,
Орындалып армандарың.
Денсаулығың мықты болсын,
Аман болып мал-жандарың.
Бүгін сенің туған күнің,
Бар жақсыны тілеймін.
Алла өзі жар боп саған,
Амандықта жүр деймін.
Құтты болсын туған күнің,
Қуанышпен келетін.
Шаттанатын думан бүгін,
Әр жылда бір келетін.
Күлім қағып жанарларың,
Бақ сыйласын жаңа жасың.
Денсаулығың мықты болып,
Дәмді болсын ішер асың.
"Ағаш - тамырымен, адам - достарымен қымбат" деген, ендеше, достарың көп болсын.
Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын.
Өміріңізде жеңісті күндеріңіз көп болсын.
Қарап көріңіз:
Отбасыңызға келген қуаныш тек өзінің жақсылығы мен ырзығын арқалап алып келсін.
Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын.
Ата-анаңның аяулысы бол, Алланың сүйкімдісі бол.
Еңсеміз тік, қадамымыз тік болсын.
Жаныңыз қашанда сәбидің жанындай таза болсын.
Жарық та жарқын аяулы күндеріңіз нұрға толсын.
Өмірде әттеген-ай деген аз болып, шіркін-ай, пай-пай дегеніміз басым болсын.
Өмірің нұрлы болсын, Көңілің жырға толсын.
Бірімізге-біріміз шаттық сыйлап, әрбір күнді қуанышқа толтырайық.
Әрқашанда жақсылық жандарыңыздың серігі болсын, қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін.
Қыдыр қонып, бақ дарысын.
"Кең болсаң, ештеңеден кем болмайсың" демекші, қашанда жүрегің ашық, пейілің кең болсын.
Келген мүшел жасыңнан аман-есен, сүрінбей өтуіңе тілектеспіз.
Алланың алақанындағы ғұмырыңыз ұзарсын.
Ай мен күнге теңейтін балаңыз аман болсын, баңы жансын.
Tuğan künge tіlekter
Туған күніңмен құттықтаймын! Денсаулығың мықты болып, жүзіңнен күлкі кетпесін! Әрбір күнің бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сізге шексіз сәттілік, Өміріңіз нұрлы болсын! Әр қадамыңыз оң болып, Жаратқан иеміз өзіңізге жар болсын!
* * * * * *
Туған күніңмен! Бақытты сәттерің көп болып, әр күнің сәттілікке толы болсын! Алға қойған мақсаттарың орыналып, арманыңа қол жеткізе бер! Өміріңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! Жаңа жасың жаңа қуаныштар мен табысқа жеткізе берсін! Саулығың мықты болып, бақыттың базарында, қыдырдың назарында бол!
* * * * * *
Деніңіз сау болып, аспаныңыз ашық болсын! Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете беруіңізге тілектеспін!
* * * * * *
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік, Тұрсын алдан арайланып таң күліп, Бақыт болсын әрқашанда жолығар, Шаттығыңыз тау суындай молығар. Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, Жалғанда тілек бар ма одан асқан. Аман боп жанұяң мен бауырларың, Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан!
* * * * * *
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн!
Арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспін!
Бүгінгі туған күнің құтты болсын! Арайлап атар әрбір таң саған қуанышы мен шаттығын сыйлай берсін! Денсаулығың мықты болып, жүзіңнен күлкі кетпесін! Бақытты бол! Өмір жасың ұзақ болсын! Бүгінгі ерекше күніңді жақсы өткіз! Аллам саған екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Жаңа жасың тек жақсылығын сыйласын! «Өмір» атты теңіздегі кемеңнің сапары тоқтатамасын! Жастан жасқа жете бер!
.
* * * * * *
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Шаңырағыңызда шаттық, бақ- береке орнасын! Мерейтойдан мерейтойға жете беріңіз!
* * * * * *
Туған күніңмен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, сәттілік, махаббат, бейбітшілік, жақсылық, күлкі, амандық тілейміз. Барлық армандар орындалсын. Өміріңіз ұзақ және тегіс, жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын!
* * * * * *
Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге әдемі өмір тілеймін және оның әр бұрылысында әрдайым керемет оқиғалар болсын! Сізге қуаныш пен денсаулық, әрбір күннің сәттілігін тілеймін! Әр таңыңыз шырайлы және шуақты болсын.
* * * * * *
Туған күніңізбен құттықтаймын! Алға қойған мақсаттарыңа жетіп, асқақ армандарың орындала берсін! Жақсылық пен жақсы үміт серігің болсын! Көңілің шаттыққа толы, әр күнің бақытқа толы болсын!
* * * * * *
Туған күніңмен құттықтаймын! Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын тілеймін! Әрбір істерің сәттілікке толы болып, көңіл-күйің көтеріңкі болсын! Адал достар қасыңнан табылып, абыройың асқақтай берсін! Махаббатқа толы өмір, шаттыққа толы көңіл тілеймін! Әр атқан таңыңның бір кесе шай мен қуанышты күлімсіреуден басталуын тілеймін!
* * * * * *
Туған күніңізбен құттықтаймын!
Сіздің туған күніңіз жарқын түстерге, жағымды тосын сыйлар мен қуанышты позитивтерге толы болсын! Сіздің бүкіл өміріңіз шексіз бақыт пен қуанышты сәттерден тұрсын! Сізге шынайы күлкі, жақсы достар және адал махаббат тілеймін! Жадырасын жаныңыз, шырайлы атып таңыңыз. Туған күнде жарқыра, жайнап жаздай жаныңыз!
Қуаныш иесіне әлемдегі бар игі жақсылықтарды тілейміз. Алланың тарту еткен әр күні тек қуаныштардан тұрсын. Тәтті өмірдің бақытына кенеліп, бау-бақшадай көгеріп өсіп-өніп, бақытты да ұзақ өмір кешіңіз. Бала-шаға бақытына бөленіңіз. Бір Алла жақ болсын, жүрген жолың әрдайым ақ болсын.
Жүзіңізге шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай сұлу болып, бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіз.
Досыма
"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның - жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
Туған күніңмен досым?. Саған бар жақсылықты тілеймін✨. Ғұмырың ұзақ болсын, ауырмай шаршамай əрқашан күлімдеп жүр. ? Саған екі дүние бақытын тілеймін?. ата-анаңның мақтанышы болып биік белестірге сүрінби жет. Достарыңның жанында биік тұрып бауырларыңның сүйеніші бол.❤
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!
Бағалым, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Айналамда жақсы адамдар көп, бірақ олардың бәрін бірдей адал дос деп айта алмаймын! Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен өзіңе лайықтының барлығын алғаныңды қалаймын. Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңға қойған мақсаттарыңа жете біл. Өзіңе ғашық жандар әдеттегідей көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!
Ағама
Бауыр — адамның бойындағы ауыстыруға келмейтін нәзік мүше екен. Сол секілді туған бауырларымды ешкім де алмастыра алмайтынын, олардың өзіндік орны бар екенін жақсы түсініп жатырмын. Ағатайым, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Бізге қалай демеу болып, жанымызды қаншалықты түсіне білсеңіз, сізге де дәл осындай қарым-қатынас танытар сүйікті жар жолықсын! Зор денсаулық пен мол махаббат бүгінде жаттанды тілекке айналып кетсе де, сізге ең бірінші кезекте осыларды тілеймін. Өзіңіз айтқандай, адамді биіктерге жетелейтін қос қанаты — сүйікті ісі мен сүйікті адамы болады. Алдағы уақытта сізді биік шыңдардан көру үшін осы қос қанатыңыздың талмай самғауына тілектеспін.
Осы күнге дейін жұмыстағы бастамаларыңыз бен ерекше мінезіңізді өзіме үлгі етіп келдім. Алдағы өмірде еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! Туған-туыс, дос-жаран, сүйіктіңіздің ортасында сыйлы болып, мәңгілік бақытты ғұмыр кешіңіз! Тағы да туған күніңізбен!
Қажетті сілтемелер:
- Tuğan künge arnalğan tіlekter, qūttyqtaular
- Туган кунге тилек видеолар
- Құттықтау өз сөзімен: туган кунге тилек
- Мүшел жас: 13, 25, 37, 49, 61, 73 жастарға арналған тілектер
Қысқаша тілектер
Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.
Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты бағала.
Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.
Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.
Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.
Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін
Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!
Әкеме
Өмірде сүйенетін асқар тауым Әкешім...Дүние есігін ашқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз,шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз..
Дүниеге келген күніңізбен,
Құттықтаймын мен сізді..
Аман жүріп әрқашан,
Қуантыңыз сіз бізді..
Сүйенерім әкешім,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жанымызда әрқашан,
Тірек болып жүріңіз.
Асқар тауым — әкешім, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Әр туған күнде әдемі сөздер мен тілектер айтылып жатады. Менің қолымнан дәл осылай сөзді әсемдеп жеткізу келмесе де, сізге айтар алғысым шексіз. Өмірге тәй-тәй басқан сәттен сіздің қолдауыңызды көріп өстім. Жүрегім алабұртып, алдым тұманданған сәттерде өзіңізді іздеп тұрамын. Құдды маған кез келген уақытта дұрыс бағыт сілтеуге дайын Жетіқарақшы секілдісіз. Осы күнге дейін анам екеуіңізді шалалықпен көп ренжіттім. Бірақ, ешуақытта кеудемнен итеріп, теріс айналған емессіздер. Сол себепті сіздерге рахмет!
Болат қандай берік болса, сіздің де денсаулығыңыз дәл солай мықты болсын. Шырша қандай жасыл болса, сіздің де күндеріңіз дәл солай мәңгі қуанышты сәттерге толсын! Мәртебеңіз асқар таудан асып түссін. Ең бастысы, әрдайым сіздің атыңызға кір келтірмеуге лайық боламын деп уәде беремін. Анам екеуіңіз біздің ортамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!
Анама
Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан анашым сый-құрметке бөленіп жүре беріңіз.
Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым, жүрегімнің түкпірінде әрдайым сақтап жүретін ыстық махаббатымды сізге сөзбен жеткізгім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бізді аялап, осы күнге жеткізу үшін талай ұйқысыз да күлкісіз түндерді өткізгеніңізді білемін. Мұның қаншалық азап екенін, баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін енді ғана біліп жатырмын. Сол себепті әр атқан таңымды сізге алғыс айтудан бастаудан жалықпаймын. Отбасын құрып, бөлек кетсем де, әрдайым ыстық ұяма асығып отырамын. Жабыққанда сағынышымыз, тарыққанда ақылшымыз бола білген асылымыз, әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын! Құдай сіз бен әкеме алдағы уақытта тек бақытты күндерді жазсын!
Ананың аяулы алақаны мен жылы жұрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелерңмңз аман болсын.
Әпкеге
Менің, алтыным, аяулым, періштем, өзіңіздің барыңыз үшін қаншалықты қуанышты екенімді білмейсіз. Өзіңіздей қиын-қыстау сәтте қамқоршы бола білген әпкені сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір! Білесіз бе? Адамның адамдығы қайғыны емес, қуанышты сәттерді бөлісе білгенде көрінетін сияқты. Ес білгелі қуанғанымда қасымнан табылып, менен артық шат-шадыман болғаныңызды білемін. Кейде қабағыңызға қар жауып тұрса да, мен жақсы болсын деген оймен ғана ұрысатыныңызды сеземін. Алла сізге таудай талап пен бармақтай бақты қатар берсе екен деп тілеймін!
Есіктің алдында жайқалып тұрған емен ағашы жуан, жапырағы қалың болса да, қатты жел кезінде тамырымен бірге қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы керісінше нәзік болса да, сәл майысып, жел басылған соң бойын қайта тіктеп алады. Сіз де мен үшін күнделікті тұрмыста да, қызметте де басыңызға қандай қиын іс түссе де, жасымайтын, бағы жанса да, тасымайтын аяулы әпке, адал жар, айнымас адал доссыз. Тіршіліктің қандай ауырпалықтарын көрсеңіз де, ешуақытта мойымаңыз. Осы қасиетіңізбен мен үшін үлгі екеніңізді ұмытпаңыз. Сізді қатты жақсы көремін! Туған күніңізбен!
Ал Жансая 16ға толған жасың құтты болсын зор денсаулық мол бақыт тілеймін ?. Әрқашан күліп ойнап жүребер талма шаршама күлімде.
Алдағы оқуыңа сәттілік?.
Ал құтты болсын !
Бауырыма, ініме, ағама
Менің сүйікті бауырым, бүгін ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа кезеңі басталғалы тұр. Жасың кіші болса да, бойыңнан табылған көшбасшылыққа, қарапайымдылық пен мейірімділікке қызыға қараймын. Осы қасиеттеріңнің арқасында діттеген мақсаттарыңа жетіп, әлемдегі ең биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін! Бүгін ғана емес, әр атқан таңда саған шын жүректен әлемнің бар жақсысы мен асылын, қуанышы мен бақытын тілеуден жалыққан емеспін. Сүйікті ісің мен жақсы көрген адамың мәңгілік серігің болсын! Қайда жүрсең де, менің өзіңе тілекші екенімді, қиын сәтте қол ұшын созып, қуанышыңа бір кісідейін атсалысуға дайын екенімді ұмытпағайсың. Алла-тағала пешенеңе тек бақытты күндерді жазсын!
Қарындасыма, сіңіліме
Қарындасым, қарлығашым,
Бұл өмірде бағың жансын.
Қуаныштар орын алып,
Қайғы-мұңдар табылмасын.
Құтты болсын туған күнің,
Қарындасым бақытты бол.
Қадамдарың оң болсын тек,
Күндер көп боп шаттығы мол.
Гүл өмірің гүл жайнасын,
Сынды күндер байқалмасын.
Қарындасым, жан бауырым,
Қуанышың ортаймасын!
Балаға, ұлыма, қызыма
Әрбір бала қай отбасында дүниеге келетінін өзі таңдайды дегенді естіп едім. Сенің біздің отбасымызда дүниеге келгеніңе бірінші Аллаға, екінші саған алғыс айтамын. Ұйқысыз түндердің көп болғанына қарамастан, өмір атты үлкен жолда алғашқы қадам жасауға көмектесу біз үшін үлкен қуаныш болды. Баға жетпес алтыным, өмір жасың ұзақ болсын! Саған осы күнге дейін жақсы тәрбие бердік сенімдемін. Қайда жүрсең де, абыройлы да арлы бол. Өмірден өз орныңды таба біл. Өміріміздің үлкен өзен іспеттес екенін жиі айтып жүремін. Осы өзенде алдыңнан кездескен қайғы-қиындықтардан жеңіл өтіп, жүрегіңнің иесін жолықтырып, бақыт сарқырамасына бірге жетуіңе тілектеспін!
"Ақыл - тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен" деген. Қызымыздаң білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
Әріптеске тілек
Алтын әріптесім, ұжымда сіздей адам барда ешнәрседен қорықпаймыз. Алдымызда кездескен қиындықтарды қасқайып күтіп алып, оларды өткеруге үнемі дайын тұрамыз. Мұның барлығы да сіздің ақыр-парасатыңыз бен мейірімге толы жүрегіңіздің арқасы. Туған күніңізбен құттықтай отырып, жастық келбет пен пысықтығыңыз сізге мәңгілік серік болсын деп тілеймін! Жұмыс күнделікті кішігірім мерекеге айналып, үйіңізде әрдайым жақындарыңыз күлімсіреп қарсы алсын. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болып, қалтаңыз қалыңдасын! Ең бастысы, деніңіз сау болып, осы жастың әлі онын жасаңыз!
Қажетті сілтемелер:
Qūttyqtau öz sözіmen tuğan künge tіlek
Туған күніңмен құттықтаймын! Барлық бастамаларыңызға сәттілік, тілектерді орындау, әрқашан жарқын және жақсы көңіл-күй, өзіңізге сену және мақсаттарыңызға жету. Мереке күндері де, жұмыс күндері де керемет денсаулық, күлімсіреу және күн сайын бақыт пен жылулыққа толы болсын.
Туған күніңмен құттықтаймын! Жарқын позитивті көңіл-күй, жоғары жетістіктер, рухани үйлесімділік, өркендеу, мықты денсаулық, барлық жерде табыс! Осыман ешқашан мұнымен тоқтап қалмауды тілеймін. Жаңа идеяларды, өзін-өзі дамытуды және тек жақсылыққа ұмтылуда сәттілік!
Туған күніңмен құттықтаймын! Барлық армандар орындалсын, тілектер орындалсын, мақсаттар орындалсын, денсаулық жақсарады және ақша қосылады! Бақыт, қуаныш пен рухани үйлесімділік, керемет сәттілік, ұмытылмас әсерлер мен бас айналдыратын жетістіктер, шынайы махаббат, адал достар және жарқын эмоциялар туған күніне тілеймін!
Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге әдемі өмір тілеймін және оның әр бұрылысында әрдайым керемет оқиғалар болсын. Сізге қуаныш пен денсаулық үшін көптеген себептер тілеймін! Әр таң бақытты және шуақты болсын.
Туған күніңмен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, сәттілік, махаббат, сәттілік, бейбітшілік, жақсылық, күлкі, амандық тілейміз. Барлық армандар орындалсын. Өмір ұзақ және тегіс, жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын!
Туған күніңмен құттықтаймын! Мен ауырмауды, мұңаймауды, көп күлуді, бақыттан жарқырауды, жылдар бойы тек жақсылықты, жақсылыққа және сөзсіз орындалатын арманға сенуді тілеймін. Сиқырлы сәттер сіздің көзқарасыңызды нұрландырсын, махаббат әрқашан сонда болады және сізге тек рахат сыйлайды!
Туған күніңмен! Әр күн жақсылыққа, позитивтілікке, махаббатқа және жағымды эмоцияларға толы болсын. Барлық армандардың орындалуын және сол әдемі адам болып қалуына тілеймін! Сізді тек адал, мейірімді және ақкөңіл адамдар қоршап алсын. Күннен-күнге дамып, жақсарып, өміріңізді ұмытылмас сәттермен толтыруды тілеймін.
Туған күніңмен құттықтаймын! Бүгін сізге көптеген жылы сөздер айтқым келеді. Мен сіздің арманыңыздың әрдайым орындалуын, қуанышты, жағымды сәттердің күн сайын сіздің өміріңізде болуын, достар тек сенімді, әрқашан көмектесуге және қуанышты бөлісуге дайын болуын тілеймін. Көңіл-күйіңіз керемет болсын, бұл күн жарқын және ұмытылмас болсын! Сәттілік сіздің барлық бастамаларыңызбен бірге болсын!
Туған күніңмен! Әрбір жаңа күнін жақсы көңіл күйден басталсын! Жақсы денсаулық тұрақты серік болсын, сәттілік әр бұрышта күтсін! Армандауды тоқтатпаңыз және әрқашан керемет түрде ең керемет тілектерді жүзеге асыру мүмкіндіктері болсын!
Бүгін, сіздің туған күніңізде, мен сізге ең жақсы, ең маңызды, ең басты нәрсені тілеймін. Ең жақсысы-қоршаған орта, оларды қолдау және түсіну. Ең бастысы — денсаулық. Ең бастысы-қаржылық әл-ауқат пен тәуелсіздік. Барлық армандар орындалсын және барлық есіктер ашық болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?