Құрбан айт мейрамы қабыл болсын, айт мерекесі, ораза айт құтты болсын (орысша, на русском)

Құрбан айт мейрамы қабыл болсын, айт мерекесі, ораза айт құтты болсын (орысша, на русском)

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы - Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін.

Қазақша / На казахском языке: Орысша / Перевод на русский язык:
Айтыңыз құтты болсын! С праздником айт.
Айт құтты болсын!
Алла тағала барлық тілектерінізді қабыл етсін!
С праздником айт!
Пусть Аллах исполнит все ваши желания!
Құрбан айт қабыл болсын!
Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін!
С праздником Курбан айт!
Милости вам от Аллаха и щедрости от пайгамбара!
Қасиетті құрбан айт қабыл болсын!
Қаламың карымды, еңбегің арынды, денсаулығың зор бола беруіне тілектеспін!
Со священным праздником Курбан айт!
Желаю вам крепкого здоровья, плодотворного труда и благополучия!
Құрбан айт мерекелерің құтты болсын!
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!!!
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық
бұйырта көрсінші деп тілеймін!
Поздравляем с Курбан айтом!
Если помянули усопших и вспомнили бедных – это очень хорошо.
Желаем каждой семье благополучия, здоровья!
Құрбан айты мүбәрәк болсын! Отыз күн оразаның ішіндегі тілектеріңіз қабыл
болсын! Алла тағала келер жылдардың айт мерекесіне аман-есен жеткізуге жазсын!
Курбан айт – 30 дневная ураза пусть принесет вам удачу и исполнения всех ваших
желаний!


Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Асылы, "құрбан" сөзі де араб тілінен аударғанда, "жақын болу", "жақындау" мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.

Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Мерекенің алғашқы күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім кіип, қош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәбір айту - хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті.

Құрбан айт мейрамы қабыл болсын, айт мерекесі, ораза айт құтты болсын (орысша, на русском)



Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Құдай құлымын дегейсің,
Мұхамед үмметімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Намаздың қазасынан сақта,
Пайғамбардың туында қыл,
Ауызды кәусәр суында қыл.
Иман байлығын бер,
Деннің саулығын бер.
Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын.
Ықыласты батамды қабыл алсын!


А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ-береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі-шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын.
Қауіптен ел-жұртымыз аман болып,
Көп қылып үйіңізге бала берсін,
Оларға таудай талап, сана берсін,
Ер жетіп, балаларың батыр болып,
Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін,
Тауфиқты, инабатты келін берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып,
Қызығын елі-жұрты көре берсін.
«Әумин» - деп үй иесі қол жайғанда,
Жақсылап қариялар бата берсін.
Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін,
Ұлықманның жасын берсін.
Сүлейменнің тағын берсін.
Ескендір Зұлқайнардың бақытын берсін.
Атымтай Жомарттың даңқын берсін,
Дәуіт пайғамбардың даңқын берсін,
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін.
Шашы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын.

Құрбан айт мерекелерің құтты болсын!
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!!!
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!

Адам жаласынан,
Бұлт аласынан,
Көрінер-көрінбес
Мың да бір пәлесінен
Құдайым Өзі сақтасын!
Мұсылманға дін үйреткен,
Алымдардың саламаттығына!
Халық қамын жеген,
Қарқарадай хандардың
Саламаттығына!
Ел қамын жеген,
Едігедей билердің
Саламаттығына!
Өз еңбегін өзі жеген,
«Құдая шүкір, тәубе», деген
Қара бұқара халықтың саламаттығына!
Ілгері бастырамын деген,
Еңіреген ерлердің саламаттығына!
Қой орнына ат берген,
Атымтайдай жомарттың саламаттығына!
Молдаларға қол берген,
Көрпе салып төр берген,
Уызы арылмаған байлардың
Саламаттығына!
Халқы, халайығы қостаған,
Орнықты саба ұстаған,
Бәйбішелер саламаттығына!


Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбтсына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!

Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей!


Он сегіз мың ғаламды
Жаратушы бір Аллаһ.
Әуелі Аллаһым бір Аллаһ.
Тілегімді қабыл ет.
Ісімді Аллаһ қолдасын
Періште болсын жолдасың.
Батамыз біздің пәк болсын.
Жанұяңа бақ қонсын.
Дастарханың асқа толсын.
Мың бір атты пәледен Аллаһ сақта.
Жүз бір атты қатерден сақта.
Тілдінің тілінен сақта
Көздінің көзінен сақта.
Кезенгеннің кезінен сақта
Жер бетіндегі пәле-жаланың
Бәрінен Аллаһ сақта.
Бақ қонсын, береке келсін,
Өшпес дәулет орнасын.
Үйдегіні үйде сақта Аллаһ
Түздегіні түзде сақта Аллаһ
Айдан аман ет.
Жылдан есен ет.
Жаратушы жан Ием
Әрқашанда сізді сақ қылып
Кедергі мен кеселден
Бір Аллаһ сізді пәк қылып
Ниетіңді адал, пейіліңді ақ етсін.
Мен бердім бата
Қабыл етсін бір Аллаһ!
Әумин! Аллаһу Әкбар!

Кигенің кір болмасын,
Маңдайың тер болмасын,
Аллаһ ойыңда тұрсын,
Бұл оқылған аяттар Ай болсын,
Сегіз пейіш ортасында
Көңілің жай болсын!
Іргенекті аралап дау жетпесін,
Еліңді аралап жау жетпесін.
Сізге бәле ойлағанның
Бәлесі өз басынан кетпесін...

Ғұмыр берсең Аллаһ бақытты қып бер,
Дәулет берсең қайырлы қып бер.
Әйел берсең жұмсақ сөзді, қызықты қып бер,
Ұл берсең ұнамды қып бер,
Қыз берсең қылықты қып бер,
Келін берсең келісті қып бер,
Ат берсең жүйрік қып бер,
Бала болса ырысты қып бер,
Тіршілікте ризық бер,
Өлгенде бізге жұмақты нәсіп бер.
Осы айтқанның бәрін Аллаһ қабыл ет!
Айтушыдан сөз қалған жоқ.
Беруді Аллаһ Өзі шешеді.
Әумин Аллаһу әкбар!

Аллаһ сені қолдасын!
Адал болсаң судай бол -
Су кірді кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол -
Жер жаһанды көтереді.
Аллаһқа жағам десең азаншы бол
Ағайынға жағам десең қазаншы бол
Судай таза бол
Жердей берік бол
Өмірің ұзақ болсын
Сөзің халқыңа қуат болсын.
Әумин, Аллаһу әкбар!

Жарылқасын Құдайым,
Тарттырмасын уайым.
Мухаммедтің ақ жолын берсін,
Хазірет Омардың күшін берсін,
Әбубәкірдің әділдігін берсін,
Не берсе де Аллаһ қайырымын берсін!
Татулықты – Аллаһ бере берсін,
Ұзын ғұмыр, дәулет берсін!
Сарқылмас ризық берсін!
Дастарқанға береке берсін!
Әумин, Амин Әкбар!

Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.

Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.

Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.

Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын
Әмин, Аллаһу Әкбар!

Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,
Күндерің болсын, күн нұрын шашқан.
Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр,
Таңдарың болсын, арайлап атқан.

Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп еді Алла
Жамандық етер, жиынға барма,
Жалқаулық адам, жауы деп ұғып,
Ата-анаңа, ауырлық салма.

Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан
Қара жүрек, қудан сақтан,
Адал ойды лайлайтын,
Өтірікші зудан сақтан

Елімізді жаусыз ет,
Дұшпандарды елсіз ет.
Ұл-қызымды, мінсіз ет.

Бейбітшілік заман болсын,
Отбасыларың аман болсын.
Ұл-қызыңның болашағын,
Көретұғын шамаң болсын.

Дендеріне саулық берсін,
Несібеңді молғып берсін.
Жақсылықты жаршы етіп,
Ұлы Алла жарлық берсін.

Болсын аман туыстарың,
Жаман іске жұғыспағын.
Болмашыға өкпелесіп,
Достарыңмен суыспағын.

Мен тілеймін оңдасын деп,
Ұлы Алла қолдасын деп.
Осы отырған барлығыңа,
Еш жамандық болмасын деп.

Көл – көсірғып елге бақ бер,
Әрқайсыңа ұзақ жас бер.
Қосылсаңдар қол жайыңдар,
Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар!


Әмин десең Алладан,
Берсін дейік қол ұшын.
Періштең кетпей айланып,
Жаман істен қорысын.

Пайғамбардың ақ жолын,
Қыдыр әкеп дарытсын,
Алтынды ерлі ақбоз ат,
Астыңда жүріп арысын.

Қиналғанда достарың
Қасыңнан әр кез табылсын.
Береке сақтап ұлдарың,
Тату өтсін абысын.

Айналаңнан кетпесін,
Жақының мен алысың,
Дастарқаның жиналмай,
Еселеп өссін табысың.

Саған біткен мал – басқа,
Қожай, Даурен дарысын.
Әмин, АллаҺу Әкбар!



Дендеріне саулық берсін
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларын ынтымақты болсын,
Қыз балаларын гүл сияқты болсын.

Келіндерін ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.

Туысқандарын тату болсын,
Қиналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.

Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірің алдына әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.

Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманыңды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет
Әмин Аллаһу Әкбар!


Дендеріңе саулық берсін,
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларың ынтымақты болсын,
Қыз балаларың гүл сияқты болсын.

Келіндерің ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.

Туысқандарың тату болсын,
Қыйналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.

Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірін алдыңа әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.

Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманымды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет.
Әмин, Аллаһу Әкбар!

Батасын тура жолына,
Қайыр берсін соңына.
Кіріптар етпе бір Алла,
Залымның құрған торына.

Залымдық жолға жүргізбе,
Көңілге шайтан кіргізбе,
Тәубәсіз пенде атантып,
Дұшпаныма күлгізбе.

Дұшман көңілін семіртпе,
Тұрақсыз ғылып еліртпе,
Қиямет-мақшар күнінде,
Шерманда етіп телміртпе.

Шын тұрақты тілегім,
Былғанбаса екен жүрегім,
Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ,
Тайаныш мықты тірегім.
Құлшылық етіп Аллаға,
Құдіретіне сенгенмін.
Мұхәммәдәр-Расулуллаһ
Сүндетіне енгенмін.

Сенімін зор Құдайға,
Құдайсыз болса ұнай ма.
Сене алмаған адамның
Жүрегі ауыр ылайға.

Алдағы өмір жарық етер,
Зырлап барып жалт етер,
Үстіндегі адамзат,
Сыпырылып, жерге жалп етер.

Топырақ басар денесін,
Сонда не күй көресің.
Ерікті Алла сұраса,
Не деп жауап бересің.

Мүмкір, мәнкір қолға алар,
Алдында сұрақ бересі.
Қырық қадам кеткен соң,
Жатқан жерден тіріліп,
Сұраққа жауап берерсің.

Бар күнәңді тартасың,
Көрешекті көрерсің.
Ғамал дәптер оң жақтан,
Берілсін деп тілейік.

Әл-ләә ил-ләлләһ деп,
Иман айтып жүрейік,
Арам істен аулуқ боп,
Дін жолымен жүрейік.

Сақтасын Алла тозақтан,
Әмин деп қол жайдым,
Осы менің тілегім.

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.

Дастарханым мол болсын,
Абыройын зор болсын.
Көре алмаған бағыңды,
Сыңдыра алмаған сағыңды,
Дұшмандарың жер болсын.

Өмірің өрлей берсін,
Жүргенде жолың болсын.
Жолдасың Қыдыр болсын.
Аллаға ісің жақсын,
Есігің қыбылға бақсын.

Дәулетің судай тасысын,
Шаппай қылышың кессін,
Отбасың басқа толсын,
Қазаның асқа толсын,
Өрісің малға толсын.

Ел-жұртың аман болсын,
Бақытты заман болсын,
Үйіңе береке кіре берсін,
Бала-шағаң, туған-туыстарың,
Бақытты өмір сүре берсін.

Әмин, Аллаһу Әкбар!

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын.
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің өнімді болсын.

Әйелің жібектей болсын,
Ары түлектей болсын,
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін.

Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын,
Несібең таса берсін,
Достарың өсе берсін,
Дұшпаның аяққа баса берсін.

Ата-бабаңның аруағы қолдасын,
Ешқандай жамандық болмасын,
Үйіңе береке берсін,
Ішкен-жегеніңіз балдай батып,
Судай сіңе берсін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Бақыт Анис
    Бақыт Анис 12.09.2016 20:19
    4 + 5 -
    Қурап айт құтты болсын барлық мұсылман қауымға АЛЛАНЫҢ НҰРЫ жаусын. Еліміз аман жұрымыз тыныш болсын
    1. Оқырман Ерқанат
      1 + 4 -
      Әумин қабыл болсын??

Ілмектер: Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт, Қазақша Құттықтау - тілек, Құрбан айт, Казакша куттыктау тилек курбан айт на казахском языке, поздравления на казахском языке с курбан айтом, құрбан айт 2013 құттықтау тілектер, курбан айт поздравления казахском, курбан байрам поздравления на казахском языке, курбан айт поздравления казакша, Қазақша Құттықтау - тілек: Құрбан айт 2016, Қазақша Құттықтау - тілек 2016, Құрбан айт 2016, Казакша куттыктау тилек курбан айт на казахском языке 2016, поздравления на казахском языке с курбан айтом 2016, құрбан айт құттықтау тілектер 2016, курбан айт поздравления казахском 2016, курбан байрам поздравления на казахском языке 2016, курбан айт поздравления казакша 2016, құрбан айт мерекесі құтты болсын, құрбан айт мерекесі құтты болсын 2016, құрбан айт мейрамы құтты болсын 2016, курбан айт мерекеси кутты болсын 2016, курбан айт мейрамы кутты болсын 2016, құрбан айт мерекесі құттықтау сөздер сөз соз создер, құрбан айт мейрамы құтты болсын, курбан айт мерекеси кутты болсын куттыктау тилек тилектер