Апама, Әжеме арналған туған күнге тілектер

Апама, Әжеме арналған туған күнге тілектер

Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!

Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

Апама, Әжеме арналған туған күнге тілектер


Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй - ішің немере, шөбереге тола берсін!

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесің, Әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, Әжетай, жасыңызға,

Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!


Пайдалы сілтемелер:




Ақ жаулығың жарасар басыңдағы,
Молайыпты ақ түсің шашыңдағы.
Зор байлықсың ең қымбат ортаймайтын,
Ақыл кені,әжетай,қазыналы.
Ауырмастан шауып әркез жүре бер,
Мейрамдарды күнде тойлап күле бер!
Қарттық сенің қайратыңнан қайрылсын
Отбасыңда бақытты өмір сүре бер!

Немересін жаннан артық көретін,
Екі еткізбей бәрін алып беретін.
Әжелердің құшағында күн иісі
Еркелігі үзілместен күлетін.
Немерелер бақытты осы неге тым,
Немересін көз қуаныш көретін,
Ата-әже бар балақанда бақытты
Ертегіден қиял жасап беретін.
Жүрегіңе қайырымдылық себетін,
Мейірімін аямастан төгетін,
Аман болсын,әжетайым,ертеңім,
Дәл өзіңдей бар асуды жеңетін.

Немересі әжесінің туған күніне арналған құттықтау тілек сөз

Туған күнмен құттықтайды немерең,
Келсін дейді енді өмірге шөберең.
Денсаулығың мықты болсын,ақ Әжем,
Жаратқаннан жақсы іс келсін жебеген.


Ақыл бұлақ асыл Әжем не деген,
Кеңейеді тыңдап көңіл керегем.
Өмір бойы мақтан етіп өтемін,
Сен диқансың ақыл дәнін себеген.

Барлық сенің үлгіңді қайталадым,
Өнегеңді өсиет деп айта аламын.
Өзің берген өрнекті ойларыңды
Жақсы іске басшы болып қайтарамын.
Казыналы кенішсің байқағаным,
Таңданумен басымды шайқағаным.
Жақсы тілектер легі таусылмайды
Жазып,сірә, бітер ме екен жай қаламым.

Ақ жаулықты Әжем, сені сүйемін,
Сөздеріңнен ақыл-маржан түйемін.
Ертегіңмен қиял беріп ойыма
Бақыт тілеп соғады ұлы жүрегің.

Нағашы әжемнің туған күніне арналған құттықтау тілек сөз

Нағашы әжем анашымның анасы,
Жиендердің ақылшысы, санасы.
Қонақ болып бара қалсам үйіңе,
Бәйек болып қарсы алатын нағашы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Оқырман Мира
    Оқырман Мира 02.10.2024 18:42
    0 + 1 -
    Мира жасы52
    1. Оқырман Сезім
      Оқырман Сезім 02.10.2024 18:44
      0 + 1 -
      Сезім жасы 8
  2. Рахым Жармахан
    Рахым Жармахан 06.12.2021 00:32
    24 + 15 -
    Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!

    Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!
    Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!

    Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
  3. Дариям Арманова
    20 + 16 -
    Керемет.. апатайым аман болсын!!!!