Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Аға - Мерейтой 60 жас)

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға деп білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор құрметке бөледі. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды. Өмірлік еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз....
Подробнее
  • 60

Құттықтау - тілек: Туған күн (қызға, қыздарға)

Қазақстанда Алматы деген әсем қала бар, сол қаладай әсем, әдемі бол. Сол Алматының төресінде Алатау деген тау бар, таудың биік шыңында аппақ қар бар, сол ақ қардай көңілің ақ, пәк болсын. Таудан төмен түссең орман бар, сол ормандай достарың көп болсын. Сол орманының ішінде сарқырап аққан өзен бар, сол өзендей махаббатың мөлдім, таза болсын. Сол орманнан кішкене төмен түссең бір ұзын, түзу жол бар, сол ұзын жолдай ғұмырың ұзақ әрі түзу болсын! Туылған күніңмен!
Подробнее
  • 0

Қазақша құттықтау - тілек: 1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні

Құрметті бүлдіршіндер!

Сендерді 1 маусым " Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарын ашық , дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз!
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Подробнее
  • 60

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 50 жас)

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа.....
Подробнее
  • 60

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әпке - Мерейтой 60 Жас)

Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз....
Подробнее
  • 60

Қазақша құттықтау - тілек: Алтын той

Алтын тойға жеткен бар, жетпеген де бар! Алла өзі іріктеп, бұл күнге алтын жүректі, алтын мінезді адамдарды ғана жеткізеді екен! Төрдегі алтын адамдарымыз аман болсын! Алтын той алға жетелей берсін! Бәрімізде алтын тойға жетейік!
Подробнее
  • 0

Құттықтау - тілек: 8 наурыз (Қызыма)

8 Наурыз арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті Қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!
Подробнее
  • 60

Құттықтау - Тілек: Жаңа жыл

Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты....
Подробнее
  • 80

Құттықтау - тілек (sms): 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (анама, әжеме, апама, сүйікті әйеліме, қарындасыма)

8 наурызда бәріміз де Аналарымызды, Әжелерімізді, сүйікті жандарымыз бен қарындастарымызды құттықтағымыз келеді. Бірақ кейде бетінен сүйіп, гүл шоғын ұсынатын мүмкіндігіміз болмайды. Осындайда SMS құттықтаулар да махаббатыңызды жеткізе алады.
Подробнее
  • 60

Құттықтау - тілек: Туған күн (жігітіме, жаныма, сүйгеніме, ғашығыма)

Бүгін сенің туған күнің жарығым! Сені туған күніңмен мен емес, жүрегім құттықтайды. Өйткені осы жүрегім күні-түні үздіксіз сенің атыңды айтып соғады. Мен сенімен мәңгі бірге болғым келеді. Сен секілді серінің ханшайымы болғаным үшін бақыттымын!
Жаным! Бүгін сен үшін де, мен үшін де ерекше күн. Бүгін сенің туған күнің! Бұл күнді ұзақ күттім, өйткені көз алдымда бір жасқа есейесің. Саған мәнді ғұмыр тілеймін!
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Жетпіс бес 75 жас)

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз...
Подробнее
  • 60

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 70 жас)

Қадірменді тойшы қауым, ағайын!

Қадірлі....., Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта.....
Подробнее
  • 40

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда - Мерейтой 60 Жас)

Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан Қадырәлі құдамыздың....
Подробнее
  • 60

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Еліміздің барлық полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ өмір тілейміз!
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Ғашықтар & Махаббат күні (SMS)

Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! «Махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Нұршайықов. Біз жеңіске бірге жетейік! Махаббат әрқашан аласармасын!

Шын сүйесiң бе? Онда сендердiң бірге қанша уақыт өткiзгендерiң маңызды емес, ол бәрiбiр саған аз боп көрiнедi. Таусылмайтын уақыттың өзеніне құяр сезім бұлағымыз да.....
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Бастық - Қырық Бес 45 Жас)

Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.
Подробнее
  • 60

Құттықтау - тілек: Қадір түні

Құрдастарым, құлқың болса, құлақ түр:
Қадір түні он түн емес, бір-ақ түн!
Сол бір түннен қалмау үшін көз жазып,
Он түн бойы күту керек шыдап бір.
Сол бір түні Жебірейіл басқарған,
Періштелер ағылады аспаннан.
Олар сонша көп болады, жердегі
Жатқан барлық ірілі-ұсақ тастардан!
Соның бәрі әсте сені.....
Подробнее
  • 60

Құттықтау - тілек: Жаңа жыл

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Қараша - Қаржыгерлер (Ұлттық валюта) күні

Бүгін. 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.
Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас....
Подробнее
  • 60

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: Шілдехана бесік тойы

Дүниеге тұңғыш перзенттің келуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген сәби – кеше ғана үйлену тойын өткізген жас-жұбайларды "әке-шеше", ал олардың ата-анасын “ата-әже” атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлайды. Олай болса өмірге келген жас сәбидің әке-шешесіне, атасы мен әжесіне мықты денсаулық тілеп, түңғыштарыңыздың бауы берік болсын дейміз. Ал жас сәбиге тілеріміз: ата-анасының үмітін ақтайтын.....
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Тілашар тойы

Шаттыққа толы болсын келер күндер,
Нұры ғой көзіміздің көгершіндер.
Аман қыл құртақандай құлындарды,
Аруақтар, желеп-жебеп жүресіңдер?!

Адамдар артқан екен ұрпаққа үміт,
Солардың арқасы ғой, тұрсақ күліп.
Еңбектеп....
Подробнее
  • 80

Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той

Бір бойдақ досына:
– Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады – деп мақтанады екен. Сөйтсе досы қалжыңдап:
– Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? – деген екен.
Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен – таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады.
Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!
Подробнее
  • 80

Қазақша Құттықтау - тілек: Шілдехана бесік той

Басталыпты өмірдің көші, міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,
Жігіт болсын лайықты есіміне.

Уілдейді бесікте шіркін, үміт,
Бола алмайды бесіктой...
Подробнее
  • 60

Қазақша құттықтау - тілек: Алтын той, Күміс той

Алтын той

Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге.....

Күміс той

25 жыл отастыңыз бақытты,
Уайымдарға енді орын жоқ болсын.
Сыбағасын алып өмір жақұтты,
Немерелер, шөберелер көп болсын!
Арманыңыз алдамастан......
Подробнее
  • 80

Қазақша Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Әріптес)

Әйел-Ана өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждағаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән - салтанаты мен облысымыздың мерейінің үстем болуында, қашанда.....
Подробнее
  • 100

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс сөздер)

• Абыройлы бол – Будь в чести у людей
• Адалынан берсін – Пусть одарят тебя самым чистым
• Азаматым аман болсын – Здоровья доблестному мужу
• Айдай таза, күндей нұрлы болсын – пусть будет чистым как месяц, сияющим как солнце
• Айың тусын оңыңнан, күнің тусын солыңнан – Пусть солнце и луна сопровождают тебя в пути, т.е. счастливого пути
• Айтқаның келсін – Да сбудутся твои слова
• Ақ көңілің мүлде ағарсын – Пусть ни облачко не омрачит твоей светлой души
• Ақсақал қария бол – Доживи до возраста белобородого старца
• Ақыл құсы адаспай аспандасын – Пусть птица твоего разума.......
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: Ораза айт (Рамазан айы)

Айт күні – аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Мен Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.

Айт арабтың - “әлғид” деген сөзі – мейрам, мереке деген мағына береді. Осы айт күндерді ерекше қарсы алып айтшылайық, құрметті ағайындар. Наурыз мейрамы сияқты той-думанмен қызықтап өткізелік. Барлықтарыңызға осы қасиетті мейрамды өз үй-ішіңізбен құрметтеп өткізуге жазсын.

Бұрында әжелеріміз, ана-апаларымыз бар тәуір киімдерін, шашақты орамалдарын, әшекейлі мәсілерін сандықтан, шемоданнан шығарып, түрлене киініп, үстеріне әтір шашып (ер адамдар көп түрленбейтін) қыдырушы.....
Подробнее
  • 80

Қазақша құттықтау - тілек: Көлік және байланыс қызметкерлері күні

Құрметтi көлiк саласының қызметкерлерi!

Баршаңызды көлiк саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiмен құттықтаймын!
Жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту Елбасымыздың 5 институционалдық реформасындағы басты бағыттардың бiрi.
Сапалы көлiк байланысының халықтың.....
Подробнее
  • 80

Қазақша құттықтау - тілек: Бет ашар

Бір асу астың алдыңа,
Басыңа желек салдыра.
Қыз болған қызық күндерді,
Қайрылмай артқа қалдыра.

Бейтаныс өмір ашасың,
Бейтаныс үйді басасың.
Ендігі ұяң осы жер
Бақытты күнің жасасын.

Келін деген атты алып,
Иіле сәлем сен....
Подробнее
  • 0

Қазақша Құттықтау - тілек: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс хат)

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық........
Подробнее
  • 0