Қызға тілек: туған күнін құтты болсын!

Қазақстанда Алматы деген әсем қала бар, сол қаладай әсем, әдемі бол. Сол Алматының төресінде Алатау деген тау бар, таудың биік шыңында аппақ қар бар, сол ақ қардай көңілің ақ, пәк болсын. Таудан төмен түссең орман бар, сол ормандай достарың көп болсын. Сол орманының ішінде сарқырап аққан өзен бар, сол өзендей махаббатың мөлдім, таза болсын. Сол орманнан кішкене төмен түссең бір ұзын, түзу жол бар, сол ұзын жолдай ғұмырың ұзақ әрі түзу болсын! Туылған күніңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (жігітіме, жаныма, сүйгеніме, ғашығыма)

Бүгін сенің туған күнің жарығым! Сені туған күніңмен мен емес, жүрегім құттықтайды. Өйткені осы жүрегім күні-түні үздіксіз сенің атыңды айтып соғады. Мен сенімен мәңгі бірге болғым келеді. Сен секілді серінің ханшайымы болғаным үшін бақыттымын!
Жаным! Бүгін сен үшін де, мен үшін де ерекше күн. Бүгін сенің туған күнің! Бұл күнді ұзақ күттім, өйткені көз алдымда бір жасқа есейесің. Саған мәнді ғұмыр тілеймін!

Құттықтау, тілектер
Толық

Хрусталь той - 15 жылға тілектер, құттықтаулар

Сіз 15 жыл әдемі некеде тұрдыңыз, сіздер жарайсыздар! Хрусталь тойымен құттықтаймын. Сіздің өміріңіздің хрусталі берік және нық, таза және жарқын, керемет және бұзылмайтын болсын. Сіздерге, қымбатты, ұзақ жылдар денсаулық, махаббат, түсіністік, бейбітшілік пен молшылық тілеймін.

Құттықтау, тілектер
Толық

8 наурызға қыздарға, әйелдерге құттықтаулар, тілектер


Мазмұны:



Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
 
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Мама туған күнімен тілек, құттықтау

Аяулы Мама! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

Құттықтау, тілектер
Толық

15 Қараша - Қаржыгерлер (Ұлттық валюта) күні

Бүгін. 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.
Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас....
Құттықтау, тілектер
Толық