Отын туралы ✍️
Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 3
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 2
Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.
© Қазақ ырымдары
ОТЫН ІЗДЕГЕН ОРМАНДАР
Мiнезi қыстың от-қызба,Әлемдi өзi жаулардай.Төбелер жатыр көк мұзға,Тайып жығылған таулардай.Жұлдыздай жерде жыпырлап,Сәулесi қардың күледi.Сары аяз..
© Оңайгүл Тұржан
Жемісі жоқ ағаш-отын, жаңбырсыз бұлттар-түтін, ал ақылсыз адам — жануар.
Орманды жерде отын көп,Шеңгелді жерде қотыр көп.
Ғафу ет мені, есегім!
Бір күні Қожанасыр есегіне күндегіден отынды көбірек артыпты. Жүгінің ауырлығынан болар, есегі қиқарлық қылып, жүрмей тұрып алыпты. Есегін ары-бері..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Менің күйеу балам бір машина отын ұрлады
Веня Зяблицкий аласа бойлы, жылпың әрі ашушаң жігіт еді, әйелімен, енесімен мықтап жанжалдасып қалды.Веня сапардан қайта оралса, оның былғары пальто..
© Василий Шукшин
Орманшы отынға жарымайды.
Сайлау
Сайланса орныменен әкім жақсы,Сөйлесе орныменен ақын жақсы.Халыққа қайырымсыз әкімдерден,Бір құшақ кеуіп тұрған отын жақсы.
© Әселхан Қалыбекова
Есекті жеге білмегенОтыннан қалдырады.
Есiк алдындағы отынныңШырпылылырағынан ала кел,Томарлылырағынан ала кел,Тамырлылырағынан ала кел,Түбiрлiлiрегiнен ала кел.
Малды баққанға бақтыр,Отынды шапқанға жақтыр.
Шал мен ажал
Орманнан бір шал қайтты отын алып,Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып.Отынын жерге қойып, біразырақҚисайып жатты байғұс ойға қалып:«Мен сорлы..
© Ахмет Байтұрсынұлы
Қалмаса қайнар азайып
Қалмаса қайнар азайып,Аққан дария суалмас.Қалмақтан алдың бір зайып,Сүйегіңді жоғалтпас.Абылайымсың алқатқан,Отының болсын жантақтан.Қатының болсын..
© Бұқар жырау
Малды баққанға бақтыр,
Отынды шапқанға жақтыр.
Отынды шапқанға жақтыр.
Заттардың қуаңына өр құмар,
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,
Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.
Жауабы: Пеш..
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,
Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.
Жауабы: Пеш..
Арқаға міндім, хан болдым,
Үйге келдім, құл болдым.
Отқа жандым, күл болдым.
Жауабы: Отын
Үйге келдім, құл болдым.
Отқа жандым, күл болдым.
Жауабы: Отын
Дүниеде бір айдаһар жылан бар,
Жан-жағын жеп барады,
Ішіне бітеу сүйек көп барады.
Жауабы: От пен отын
Жан-жағын жеп барады,
Ішіне бітеу сүйек көп барады.
Жауабы: От пен отын
Аюдан қорықсаң,
Тоғайға отынға барма.
Тоғайға отынға барма.
Көшкеннен отын қалады,
Өшкеннен қатын қалады.
Өшкеннен қатын қалады.