Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Архившілер жарқыра
Архившілер жарқыра, Балбұл жанып жүзіңіз. Еңбеніңіз ақталып, Аман-есен жүріңіз!
©  Халықаралық архив күні
Архившілер тек алға
Архившілер тек алға, Ақталсыншы еңбегің. Еңбектерің ақталып, Шаттық болсын көргенің!
©  Халықаралық архив күні
Тоғызыншы маусым бұл
Тоғызыншы маусым бұл, Халықаралық архив күн. Құтты болсын мерекең, Архившілер күнің бұл!
©  Халықаралық архив күні
Жиырма екінші желтоқсан
Жиырма екінші желтоқсан, Архившілер күнімен. Құттықтаймын сіздерді, Шын жүректен бүгін мен!
©  Халықаралық архив күні
Архив өткен шағымыз
Архив өткен шағымыз, Үн қататын құжаттар. Сақталатын дәлме дәл, Ай жылың мен күн, аттар.
©  Халықаралық архив күні
Архив деген өткен күн
Архив деген өткен күн, Құжаттарды сақтайтын. Архившілер, мамандар, Ел үмітін ақтайтын.
©  Халықаралық архив күні
Архив деген құндылық
Архив деген құндылық, Сақталатын сан жылдар. Өткен күннің бейнесі, Жадымызда жаңғырар.
©  Халықаралық архив күні
Архив деген аты бұл
Санамызда жаңғырар, Архив деген аты бұл. Сақталады, құжаттар, Ғалымдардың хаты бұл.
©  Халықаралық архив күні
Архившілер жасаңыз
Архившілер жасаңыз, Еңбегіңіз ақталып. Үстем болсын мерейің, Ойымызда жатталып.
©  Халықаралық архив күні
Мен де архивші боламын
Менде архивші боламын, Құжаттарды сақтайтын. Ел үмітін арқалап, Сенімдерін ақтайтын...
©  Халықаралық архив күні
Архившілер барында
Архившілер барында, Естеліктер жоғалмас. Архившілер сіз барда, Өткеніміз тоналмас.
©  Халықаралық архив күні
Архив өткен шағымыз
Архив өткен шағымыз, Құжаттарды сақтайтын. Архившілер мамандар, Ел үмітін ақтайтын!
©  Халықаралық архив күні
Архившілер күні бұл
Архившілер күні бұл, Архивтерде отырар. Құжаттарды сақтайтын, Реттеп бәрін бақылар...
©  Халықаралық архив күні
Архивте бәрі сақталар
Құжатымыз біздердің, Архивтерде сақталар. Архившілер еңбегі, Санамызда жатталар.
©  Халықаралық архив күні
Архив күні ерекше
Архив күні ерекше, Аталынып өтілер. Өткен күннің бейнесін, Көз алдыңа келтірер.
©  Халықаралық архив күні
Амандықта болыңыз!
Ұстаздарым ғажайып, Сіздермен бір жанымыз! Жаңа оқу жылында, Көріскенше бәріміз! Ұстаздарым, достарым, Амандықта болыңыз!
©  Соңғы қоңырау күні
Құтты болсын кеп жеткен
Құтты болсын кеп жеткен, Соңғы қоңырау бүгінгі! Жаңа оқу жылында, Келем ұстап гүлімді.
©  Соңғы қоңырау күні
Біз бақытты баламыз
Біз бақытты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Біткен соң жазғы демалыс, Мектепке біз барамыз!
©  Соңғы қоңырау күні
Жанымыз бір мектеппен!
Жанымыз бір мектеппен, Білім берер біздерге. Ұстаздарым рахмет, Шын жүректен сіздерге!
©  Соңғы қоңырау күні
Жарасады сәніміз!
Оқу оқып мектепте, Жарасады сәніміз. Бүгін соңғы қоңырау, Шырқалатын әніміз!
©  Соңғы қоңырау күні
Өсеміз біз оқумен!
Өсеміз біз оқумен, Білім алып мектепте. Бітіреміз сыныпты, Жыл соңына жеткенде.
©  Соңғы қоңырау күні
Хош бол менің достарым!
Хош бол менің достарым, Демалысқа шығамыз. Күзде қайта келгенше, Хабарласып тұрамыз.
©  Соңғы қоңырау күні
Хош бол менің Ұстазым!
Хош бол менің Ұстазым, Қайта айналып келгенше! Күзде, білім күнінде, Мектебіме енгенше!
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау үнімен
Соңғы қоңырау үнімен, Біздер кетіп барамыз. Үш айдан соң келеміз, Алшақтамай арамыз!
©  Соңғы қоңырау күні
Алтын ұя мектебім
Алтын ұя мектебім, Келді соңғы қоңырау! Демалысқа шығамыз, Қарайлаумен жолың-ау!
©  Соңғы қоңырау күні