Білім туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 226
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 20
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 10

Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны. 
©  Эрнест Хемингуэй
Ақ дариға
Оқысаң өнер-білім қайнап тұрған,Айнала алтын сәуле жайнап тұрған,Жасырын жаратылыс сырын шешіп,Жол ашық, төрт құбылаң сайрап тұрған.Бауырлас барлық..
©  Иса Байзақов
Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады. 
©  Халел Досмұхамедұлы
Ғылым
Оқысаң ғылым қорын білім асар,Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.Мас болған біліміне кейбір жастар,Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.Апыр-ай, кімге аян..
©  Шәңгерей Бөкеев
Білім күні
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,Бірде-бірі жатсынбасын ешкім де.Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –Білім күні!Сенің де ойың өсті ме?!
©  Мұзафар Әлімбаев
Қатты жерге егін шықпас,Қаңғыған басқа білім жұқпас. 
Жұмбақ айтыс дамымай мүлде тасада қалды. Ешкімнің ойланғысы, мүлде кітап оқығысы жоқ. Бұл айтысқа көп білім керек.
©  Әселхан Қалыбекова
Нағыз әнші атану үшін түбегейлі білім мен тәжірибе қажет.
©  Әлібек Дінішев
Мектеп — кеме, білім — теңіз
Мектеп — кеме,Білім — теңіз!Барар жергеТез жетеміз!АдаспаймызҰлы жолда,ЛенинніңТуы қолда!Капитандар—Мұғалімдер,Жас..
©  Қасым Аманжолов
 Белгісі болса, жолдан жаңылмас, Білімі болса сөзден жаңылмас.
* Сіз жолынан, сөзінен жаңылмаған жанды кездестірдіңіз бе?
* Білім туралы..
©  Гүлтас Құрманбай
Оқу
Қарайыңқы көңілді аппақ қылған бұл оқу.Түк білмейтін қамауды тақ - тақ қылған бұл оқу.«Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл..
©  Ілияс Жансүгіров
Білімнен асар байлық жоқ.
Білген адам білімді өмір бойы іздейді
©  Иүгінеки Ахмед
Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,Ақылмен іс істеген өкінбейді.Білмеген талай жұмыс істей жүріп,Амал жоқ түбінде сол опық жейді.
©  Иүгінеки Ахмед
Білімдіге білімсіз тең бола алмас.
©  Иүгінеки Ахмед
Бақыттың жолын білім ашар.
©  Иүгінеки Ахмед
Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
©  Иүгінеки Ахмед
Біліксіз білмей де сөйлей береді.
©  Иүгінеки Ахмед
Білікті біліп айтар.
©  Иүгінеки Ахмед
Кедейдің кертіп жер малы - білім.
©  Иүгінеки Ахмед
Жарлының жалғыз байлығы - білім.
©  Иүгінеки Ахмед
Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.
©  Иүгінеки Ахмед
Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.
©  Иүгінеки Ахмед
Білікті білім жинап, кәсіп етер,Білімнің дәмін татып, өсіп өнер.
©  Иүгінеки Ахмед