Тәрбие туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 237
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 122
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 2
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 25

Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Балаға бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен, төзімділікпен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз. 
©  Мария Монтессори
Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Баланы жамандамаңыз, көзінше де, сыртынан да. 
©  Мария Монтессори
Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Баланы жиі құптап отырса, ол өзіне жақсы қарауды үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға ден қойыңыз, нәтижесінде жаманшылыққа орын қалмайды. 
©  Мария Монтессори
Баламен қарым-қатынас жасағанда ең жақсы мәнер қолданыңыз. Оған өзіңізде бар ең жақсы қасиеттеріңізді ұсыныңыз. 
©  Мария Монтессори
Ізденістегі балаға — көмек көрсетуге және іздегенін тапқан балаға — білінбеуге дайын болыңыз. 
©  Мария Монтессори
Жақсы тәрбие сенің тұздықты дастарханға төгіп алмағаның емес, басқа біреу солай істегенде, оны сенің байқамауың.
 
©  Антон Чехов
Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.
 
©  Максим Горький
Салақтық — дерт
Кіршіктен тап-таза ғып үсті-басын,Қылшықтан жырақ қылып ішкен асын."Осындай тәрбиемен тұрса зайып,Жігіттің бекер өтті,- деме-жасын!"Алуға лайық қой..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бұлақ көзі
Шығады: "асыл - тастан, өнер - жастан",Тәрбие тәуір болса әуел бастан.Мысалы ғылым таппақ сол секілді:Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.Жігітке..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Педагогика
Тарту
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса..
©  Мағжан Жұмабаев
Бүгінгі жастарды ең болмаса қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелейік. 
©  Ғабит Мүсірепов
Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау. 
©  Әлішер Науаи
Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл. 
©  Махмұд Қашқари
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды. 
©  Ян Амос Коменский
Қолға түскенін емес, әбден таңдап-сараптап оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз. 
©  Иван Тургенев
Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.
 
©  Асқар Сүлейменов
Тәубеге келу
(басылмаған шығармаға кіріспе)
I
Мені шоқындырып, христиандық православтық сенімде тәрбиеледі. Балалық шағымнан есейгенге дейін үнемі дінге сенуге..
©  Лев Толстой