Қарт туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 36
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 109
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 11
Баталар: 3
Туындылар: 1
Әңгімелер: 24
Ертегілер: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 2

Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.
Сыйлай білсең кәріні,
Жарылқаймын бәріңді.
Қарт кебінін қапта сақта,
Өлігін апта сақта.
Қарттар сөзі бекер кетпейді,
Шыбық ексең – бақ үзілмейді.
Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың.
Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала..
Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.
Қарты бар үйдің құты бар.
Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.
Қартайған ата марқаяр —
Қанатын жазып қызы өссе,
Қартайған ата марқаяр —
Халыққа жағып ұлы өссе.
Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.
Шалға қарттық,
Жігітке жастық жарасады.
Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.
Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.
Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.
Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.
Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін.
Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.
Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.
Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.
Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.