Кісі туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 84
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 16
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 3

Кішіпейілдік —
Кішілік емес,
Кісілік.
Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.
Өзінің бетін аямаған,
Кісінің бетін шиедей қылады.
Көргенді кісі көргенін айтар,
Көргенсіз кісі бергенін айтар.
Қадірлі кісі қартаймас.
Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
Шаң боратқан арбадай.
Жақсы кісі сырқаттанса,
Көңілін сұрар ағайын.
Жаман кісі сырқаттанса,
Жан баспайды маңайын.
Кішкентай кісі де керемет түстер көреді.
Тура ағаш үйге тіреу,
Тура жігіт елге тіреу.
Шаруа кісіні қыдыр тұт!
Сақы кісіні кәдір тұт.
Көрінгенге көз түрткі —
Қордың қоры.
Ұялғаннан кісі өлмес,
Асыққанның ісі өнбес.
Кісінің шырайына қарама,
Райына қара.
Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.
Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.
Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.
Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.
Қисық ағаш қиыспайды,
Қыңыр кісі сыйыспайды.
Кісі арасында кісі бол,
Үлкені болма, кіші бол.
Қызмет қылсаң жорғалап,
Маңдайдан терің сорғалап,
Азаматтың ісі бұл.
Қайғы басқан кісіге
Мамық төсек таспен тең.
Қайғысы жоқ кісіге
Екі аяғы атпен тең.
Жүні жығылғанның —
Күні жығылған.
Әркім қолда барын ұсынады.
Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.
Көтере алмаған,
Қосып арқалайды.
Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.