Сөйлеу туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 23
Өлеңдер: 47
Нақыл сөздер: 33
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Эсселер: 2

Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып..
©  Халел Досмұхамедұлы
Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің
Құлыншағым, сөйледің!Шықты-ау тілің!Жарығым, құйттай күнім!Тіліңдегі "ападан" басқасын мен,айым – ау, ұқпай тұрым!Айдындаймын сүйетін жағасын..
©  Фариза Оңғарсынова
Ақша сөйлеген жерде басқа сөйлемейді.
Ойламай сөйлеу нысананы көздемей атылған оққа ұқсайды.
Балықтар неге сөйлемейді?
Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының..
©  Балаларға арналған ертегісі
Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы - аз сөйлеу және жақсы мiнездi болу. 
©  Хадис шәриф
Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы шамалы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Жан дүниесіндегі сөздер пісіп болғанша, оларды сөйлеуге болмайды.
©  Фәридуддин Аттар
Кім аз сөйлейді-сирек қателеседі, кім аз жейді-сүрінбейді.
©  Фәридуддин Аттар
Екi құлақ пен бiр тiл көп тыңдап, аз сөйлеу үшiн берiлген. 
©  Зенон Элейлік
Құлақ екеу, ауыз біреу.Ол не үшін бұлай?Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?Көп көріп, аз..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы. 
©  Дейл Карнеги
Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз. 
©  Дейл Карнеги
Адамдарға ықпал етудің құпиясы сөйлей білуде емес, жақсы тыңдаушы бола білуде. 
©  Дейл Карнеги
Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді. 
©  Михаил Литвак
Сөз сөйлеймін бөлмелеп
Сөз сөйлеймін бөлмелеп,Әр нұсқадан термелеп.Сөйлеген сайын кетедіҚызыл тілім өрмелеп.Өлген адам тірілмес,Әркімге келер бір кезек.Құлағың сал да..
©  Шернияз Жарылғасұлы
Менің қол астымдағы министрлердің көп сөйлегені маңызды емес. Бастысы, менің айтқанымды бұлжытпай орындасын.
©  Маргарет Тэтчер
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
©  Сырым Датұлы
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.
©  Мағжан Жұмабаев
Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін.
©  Жүсіп Баласағұни
Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
©  Жүсіп Баласағұни
Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.
©  Жүсіп Баласағұни
Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.
©  Жүсіп Баласағұни
Адамдар қалай сөйлеудi үйренедi, ал ең басты ғылым — қалай және қашан үндемеудi бiлу.
©  Лев Толстой