1 наурыз туралы ✍️
Басқа: 4
Тақпақтар: 89
Өлеңдер: 15
Құттықтау, тілектер: 62
Баталар: 23
Әңгімелер: 6
Шығармалар: 11
Эсселер: 11
Алғыс айтам сіздерге
Ағайын, туыс, бауырлар, Алғысым көп сіздерге. Жаратқаным жар болып, Жақсы күп берсін біздерге.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту күн осы
Алғыс айту күн осы, Рахметті жаудырып. Жүректен алғыс айтайық, Барша адамды таң қылып.
© Алғыс айту күні
Мың алғыс саған
Мың алғыс саған, мың алғыс, Рахмет көп, алғыстар. Жан дүниені байытар, Көбейе түссін алғыстар.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде, Әнді бірге салайық. Алғыс айтып, риза боп, Жұлдыздайын жанайық.
© Алғыс айту күні
Алғыс айтар күн осы
Татуласып араздар,Алғыс айтар күн осы. Бірінші наурыз ерекше, Ынтымақ артар күн осы.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде,Араздықтар болмасын.Жаратқаным жар болып,Сыйластықтар орнасын.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту күні бұл
Алғыс айту күні бұл,Бірінші наурыз кеп жеткен.Араздықтар жойылар,Самал жел кеп тербеткен.
© Алғыс айту күні
Рахмет құрбым, мың алғыс
Рахмет құрбым, мың алғыс, Айтамын шын жүректен. Әр наурызда шаттана, Құлпыра бер әр көктем.
© Алғыс айту күні
Жиенім саған мың алғыс
Рахмет саған, жиенім, Алғыс айтам өзіңе. Амандықта, саулықта, Бақытты бол, сезіне.
© Алғыс айту күні
Рахмет апа, алғыс көп
Рахмет апа, алғыс көп, Айтамыз шын жүректен. Әрбір наурыз шаттықта, Қарсы алсын гүл көктем.
© Алғыс айту күні
Көке сізге, мың алғыс
Біздері ойлап жүретін, Көке сізге рахмет. Алғыс айтып қашанда, Қып жүреміз біз құрмет.
© Алғыс айту күні
Рахмет інім, бауырым
Рахмет інім, бауырым, Алғысым көп өзіңе. Жүрші аман жан інім, Рахметімді сезіне.
© Алғыс айту күні
Әпке сізге мың алғыс
Әпке сізге мың алғыс, Рахметім көп менің. Саулығыңды тілеймін, Жаным әпкем, тек сенің.
© Алғыс айту күні
Рахмет сізге, ағатай
Рахмет сізге, ағатай, Қамқоршы боп жүресіз. Алғысым көп өзіңе, Оны да аға білесіз.
© Алғыс айту күні
Рахмет әке, алғыс көп
Еркелетіп, жетелеп, Өсірдің әке, рахмет. Әрқашанда жасаймын, Өзіңізге мен құрмет.
© Алғыс айту күні
Рахмет әже, әжетай
Рахмет әже, әжетай, Ертегі айтып бересіз. Алғысым көп әжетай, Көңілге гүл себесіз.
© Алғыс айту күні
Ата сізге мың алғыс
Ата сізге мың алғыс, Бата беріп жүресіз. Рахмет ата сізге тек, Алғысым көп білесіз.
© Алғыс айту күні
Бауырларым мың алғыс
Бауырларым, рахмет, Алғысым көп сіздерге. Амандықта болыңдар, Жол көрсетіп біздерге.
© Алғыс айту күні
Алғыс айтам бас иіп
Ағайын-туыс сіздерге, Алғыс айтым бас иіп. Рахмет, көп алғысым, Айтарым сол басты иіп.
© Алғыс айту күні
Бірінші наурыз күні бұл
Құтты болсын қазағым, Алғыс айту күні бұл. Көктемнің күні бірінші, Бірінші наурыз үні бұл.
© Алғыс айту күні
Алғысым көп, рахмет
Қазақ елім, Отаным, Қазақ тілім мың алғыс. Рәміздерім, байрағым, Берер бізге толғаныс. Жаратқаным жар болып, Бола берсін оңнан іс.
© Алғыс айту күні
Ағайын-туыс мың алғыс
Ағвйын-туыс мың алғыс, Туысқандар барыңа. Рахмет айтам тағы да, Атар әрбір таңыма.
© Алғыс айту күні
Отаным, жерім мың алғыс
Отаным, жерім мың алғыс, Сенде туып, сенде өстім. Рахмет саған туған жер, Алмасын бізден сені ешкім.
© Алғыс айту күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Алғыс айту күні бұл. Туған елім мың алғыс, Қабыл ал шаттық үнім бұл.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту күнімен
Алғыс айту күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Жаратқанға мың алғыс, Аман еткен біздерді.
© Алғыс айту күні