Құлақ туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 43
Жұмбақтар: 21
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 2

Құлақ
— Ауылнай, шақшаңды тасташы! — деді Қайранбай.
Үй ішінде 5-6 адам бар: ауылнайдың хатшысы, жалшылар комитетінің төрағасы мен бір мүшесі...
©  Бейімбет Майлин
Қыста құлағым үсіп кетті,Үсіп, ісіп кетті.
Екi құлақ пен бiр тiл көп тыңдап, аз сөйлеу үшiн берiлген. 
©  Зенон Элейлік
Құлағым бітелген жоқ
Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,Түлкіден шешен сөзі кетті асып,Белгілі жарамсақтық жарапазанҚазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.
Қозғалса ел намысы..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Шал алған қызға
Қазірде құлағымда ащы зарыңЖәне де көз алдымда саңырау шалың.Саңырауға сасық сақал келемеж боп,Қапада жүргеніңнің білем бәрін.
Қөңілімде мұңыңды..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Тұмағымның құлағын
Тұмағымның құлағынЖұлып алдың — не түсті?Үсиді-ау енді құлағым,Міне суық жел есті.Не деп айтам апама,Біліп қойса бұл істі? 
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Құлақ екеу, ауыз біреу.Ол не үшін бұлай?Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?Көп көріп, аз..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Іштегі сыр Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ амал емей немене. 
©  Бұқар жырау
Жазушының қанағаты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,Құлағын біреу салмас, біреу салар.Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,Кейіне жарамаса, кейіне жарар.Қайсысы ықыласын..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Айна қойдым алдыма...
Айна қойдым алдыма,Көрейiн деп өзiмдi.Екi құлақ тарс бiтiп,Шел басыпты көзiмдi.
Иiс бiлер мұрын жоқ,Таза ақылдан ырым жоқ,Түзелерлiк түрiм..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құр айғай бақырған
Құр айғай бақырғанҚұлаққа ән бе екен?Өнерсіз шатылғанКісіге сән бе екен?
Өңкей надан антұрған,Қанша айтса, жан ба екен?Бос жүріп құр қалғанӨміріңе..
©  Абай Құнанбаев
Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды аларЖақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,Өзімді өзім ұмытып,Көңілім әнді..
©  Абай Құнанбаев
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,Ой желке, үңірейген болса сағақ.Теке мұрын..
©  Абай Құнанбаев
Құлақ сарсытқан көп сөз.
©  Тоқсары
Төбеде қос қалқаным,
Әлемнен үн тартамын.

Жауабы: Құлақ
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

Жауабы: Аттың екі құлағы мен төрт аяғы
Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.

Жауабы: Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.
Ауызыңмен сөйлеген сөзді
Құлағың да есітпейді.
Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.
Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер,
Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар.
Көзі жоқ құлағы саудың — ақылы толар,
Құлағы жоқ көзі саудың — ақылы солар.
Бір күн өсек естімесе құлағы тарс бітеледі.
Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.
Адам құрсағынан арықтамайды,
Құлағынан арықтайды.