Отбасы туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 92
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 50
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 26
Құттықтау, тілектер: 48
Баталар: 12
Туындылар: 4
Әңгімелер: 38
Ертегілер: 1
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 9

Бауырларым гүл бағым
Ата-әжем, әке-анам, Отбасымның жұлдызы. Бауырларым гүл бағым, Жарқыраған құндызы.
©  Отбасы күні
Жақсы көрем
Жақсы көрем атамды, Жақсы көрем әжемді. Ата-анам бақытым, Тербететін әлемді.
©  Отбасы күні
Жақсы көрем сіздерді
Жақсы көрем сіздерді, Отбасым ол жұмағым. Сіздер үшін қашанда, Арналады жыр, әнім.
©  Отбасы күні
Отбасым ол жанұям
Отбасым ол жанұям, Ыстық менің мекенім. Алыс кетсем өзіңнен, Сағына мен жетемін.
©  Отбасы күні
Отбасыммен жанданам
Отбасыммен жанданам, Гүл көктемдей құлпырып. Әуелетіп ән салам, Шын жүректен үн қылып.
©  Отбасы күні
Отбасының бұл күні
Құтты болсын сіздерге, Отбасының бұл күні. Сыйластықта шынайы, Жарқырасын жұлдызы.
©  Отбасы күні
Бірге болсын отбасы
Бірге болсын отбасы, Жаздай жайнап жандары. Сыйластықта үн қатсын, Атып сәтті таңдары.
©  Отбасы күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Отбасының күні бұл. Сыйластықта, шаттықта, Шыға берсін үні бұл.
©  Отбасы күні
Бірге біздің жанымыз
Отбасы ол бағымыз, Бірге біздің жанымыз. Отбасы аман тұрғанда, Жарасады сәніміз.
©  Отбасы күні
Отбасымның қасында
Отбасымның қасында, Бақытым көп басымда. Олар менің гүл бағым, Хош иісті, расында.
©  Отбасы күні
Отбасы ол байлығым
Отбасы ол байлығым, Жарқырайтын ай, күнім. Отбасының барында, Бұзылмайды жайлығым.
©  Отбасы күні
Отбасының барында
Отбасының барында, Атар сәтті таңың да. Қуаныштар көп болар, Гүл жайнаған бағыңда.
©  Отбасы күні
Отбасының күні бұл
Отбасының күні бұл, Қуанышқа бастайтын. Мерекеде бір болып, Шаттықтарын қоштайтын.
©  Отбасы күні
Құтты болсын ағайын (сурет, фото)
Құтты болсын ағайын, Отбасылық мереке. Әрбір үйде лайымАрта берсін береке.
©  Отбасы күні
Құтты болсын отбасы мерекесі (сурет, фото)
Құтты болсын отбасы мерекесі, Қуанышқа бастайтын мерекені. Қуанышты күніміз көпке ұласып, Жайнай берсін жадырап ел ертеңі.
©  Отбасы күні
Құттықтаймын отбасы күніменен (сурет, фото)
Құттықтаймын отбасы күніменен, Бар қуаныш орналсын шаңырақта. Аман болсын отбасы, бала-шаға, Ынтымақта үн қатып әр уақытта.
©  Отбасы күні
Отбасылық мереке (сурет, фото)
Отбасының күні бұл, Отбасылық мереке. Құтты болсын сіздерге, Артып үйде береке.
©  Отбасы күні
Шаттығымыз көп болсын (сурет, фото)
Отбасының күнінде, Шаттығымыз көп болсын. Уайым-қайғы болмай еш, Қарынымыз тоқ болсын!
©  Отбасы күні
Отбасымыз аман боп (сурет, фото)
Құтты болсын мереке келіп жеткен, Көптеп болып күндері нұрын төккен. Отбасымыз аман боп, ошақ қасы, Кездеріміз көп болсын тебіренткен.
©  Отбасы күні
Аман болсын отбасы (сурет, фото)
Аман болсын отбасы, ошақ қасы, Мерейлі де, мейрімді жандары бар. Отбасында әрбір жан күлім қақсын, Атқан сәтті, шырайлы таңдары бар.
©  Отбасы күні
Отбасының күнімен (сурет, фото)
Құттықтаймын сіздерді қазақ елі, Отбасының күнімен келіп жеткен. Отбасында орнасын бақ-береке, Көпке ұласып күндері күлімдеткен.
©  Отбасы күні
Көңіліңіз жайнасын (сурет, фото)
Отбасылар күнінде келіп жеткен, Көңіліңіз жайнасын оу қазағым. Арайлы таң шуағын сыйлап әркез, Болмасыншы лайым беймаза күн.
©  Отбасы күні
Отбасы күні құтты болсын (сурет, фото)
Келіп жеткен бүгінгі құтты болсын, Отбасы күні мінеки есік ашқан. Отбасыңыз аман боп, ынтымақта, Жалғай түссін ұрпақтар ізін басқан.
©  Отбасы күні
Бүгін шаттық мереке
Бүгін шаттық мереке, Отбасының күні бұл. Қуанышта шықсын тек, Отбасының үні бұл. Әр отбасы шаттана, Шаттығына кенелсін. Әлдилеген бесікте, Сәбилері..
©  Отбасы күні
Отбасы күн — мереке
Отбасы күн — мереке, Құтты болсын сіздерге. Күн күлімдеп арайлы, Шаттық берсін ізгі елге. Отбасы күн — мереке, Қуанышқа бастасын. Бар жақсылық..
©  Отбасы күні