Тіс туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 26
Жұмбақтар: 32
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 16
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 7
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Сыр
Түніменен ауырдыТүбі босап тістерім.Тауыстым бар сабырды,Білмеді апам не істерін.Айтып жатты атама«Не болды..
©  Қадыр Мырза Әли
Дәрігер науқасқа:— Сіздің құрттаған тістеріңізді емдеу үшін, мына алтын тісіңізді жұлу керек.— Неге?— Енді, емнің ақшасын кім..
Әжесі немересіне:- Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, - дейді.Сонда немересі:- Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей..
Адамды алдымен өзінің қажеттіліктерінің төңірегінде ғана қызығу болады, өзінің ауырған тісінің уайымы елдегі аштық пен апаттан зәрлірек. 
©  Дейл Карнеги
Әр адамды сiзбен, сiздiң проблемаларыңыздан гөрi өз қажеттерi мен проблемалары көбiрек қызықтыратынын ұмытпаңыз. Ол үшiн тiсiнiң сырқырауы миллиондар..
©  Дейл Карнеги
Тіс тимеген шөп жесір, құс қонбаған көл жесір.
 
©  Асқар Сүлейменов
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.

Жауабы: Тіс
Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол..
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі, отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді әрі-бері

Жауабы: Тіс, саусақ..
Айдын көлде асыл тас,
Ау салса да алынбас.

Жауабы: Тіс
Жайлаған бір көшеде отыз бөрі,
Он жігіт сол бөрінің қызметкері.
Сайраған ортасында жалғыз қызы,
Бүркейді оның бәрін екі тері.

Жауабы: Отыз тіс..
Отыз екі пышақтың
Ортасында бір ат тұр.

Жауабы: Тіс пен тіл
Жон арқасы сүйектен,
Қылшық қалың жүйекте,
Жалбыз паста жағады,
Бізге қызмет қылады.

Жауабы: Тіс щеткасы
Ақ өзен ағарып
Үңгірге ағады,
Ол жуғанда – тазарады.

Жауабы: Тіс пастасы
Бұйырған асқа тіс тиер,
Жаз тимесе, қыс тиер.
Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
Басқаның тісі ащы жеп қамалады,
Қазының тісі тәтті жеп қамалады.
Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
Тіс те кейде тілді қыршиды.
Жақсы жігіттің жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін санама.
Быламықтан да тіс сынады,
Ақша қарда да аяқ сынады.
Тісің кетік болса да, көңілің бітік.
Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.
Тіл байлығыңды –
Тіс те шеше алмайды.