Рахмет айту туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Тақпақтар: 74
Өлеңдер: 14
Құттықтау, тілектер: 59
Баталар: 22
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 10
Эсселер: 9

Алғыс айту
Көктемнің алғашқы күні, Құтты болсын, жайғын қол! Наурыздың бірі мереке, Болсын лайым ашық жол! Рахмет айтып адамдар, Бір-біріңе алғыс ет! Араз..
©  Алғыс айту күні
Алғыс айтам сіздерге
Ағайын, туыс, бауырлар, Алғысым көп сіздерге. Жаратқаным жар болып, Жақсы күп берсін біздерге.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күн осы
Алғыс айту күн осы, Рахметті жаудырып. Жүректен алғыс айтайық, Барша адамды таң қылып.
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған
Мың алғыс саған, мың алғыс, Рахмет көп, алғыстар. Жан дүниені байытар, Көбейе түссін алғыстар.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде, Әнді бірге салайық. Алғыс айтып, риза боп, Жұлдыздайын жанайық.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айтар күн осы
Татуласып араздар,Алғыс айтар күн осы. Бірінші наурыз ерекше, Ынтымақ артар күн осы.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде,Араздықтар болмасын.Жаратқаным жар болып,Сыйластықтар орнасын.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күні бұл
Алғыс айту күні бұл,Бірінші наурыз кеп жеткен.Араздықтар жойылар,Самал жел кеп тербеткен.
©  Алғыс айту күні
Рахмет саған, жан досым
Рахмет саған жан досым, Өзіңе көп алғысым. Әрбір наурыз, әр көктем, Сәтті болсын әр ісің...
©  Алғыс айту күні
Рахмет құрбым, мың алғыс
Рахмет құрбым, мың алғыс, Айтамын шын жүректен. Әр наурызда шаттана, Құлпыра бер әр көктем.
©  Алғыс айту күні
Жиенім саған мың алғыс
Рахмет саған, жиенім, Алғыс айтам өзіңе. Амандықта, саулықта, Бақытты бол, сезіне.
©  Алғыс айту күні
Рахмет апа, алғыс көп
Рахмет апа, алғыс көп, Айтамыз шын жүректен. Әрбір наурыз шаттықта, Қарсы алсын гүл көктем.
©  Алғыс айту күні
Көке сізге, мың алғыс
Біздері ойлап жүретін, Көке сізге рахмет. Алғыс айтып қашанда, Қып жүреміз біз құрмет.
©  Алғыс айту күні
Қарындасым, Рахмет
Қарындасым, рахмет, Өзіңе көп алғысым. Гүлдей жайнап қарындас, Сәтті болсын әр ісің.
©  Алғыс айту күні
Рахмет інім, бауырым
Рахмет інім, бауырым, Алғысым көп өзіңе. Жүрші аман жан інім, Рахметімді сезіне.
©  Алғыс айту күні
Әпке сізге мың алғыс
Әпке сізге мың алғыс, Рахметім көп менің. Саулығыңды тілеймін, Жаным әпкем, тек сенің.
©  Алғыс айту күні
Жан анашым, рахмет
Әлпештеген, аялап, Жан анашым рахмет. Алғысым көп өзіңе, Рахметімді қабыл ет.
©  Алғыс айту күні
Рахмет әке, алғыс көп
Еркелетіп, жетелеп, Өсірдің әке, рахмет. Әрқашанда жасаймын, Өзіңізге мен құрмет.
©  Алғыс айту күні
Рахмет әже, әжетай
Рахмет әже, әжетай, Ертегі айтып бересіз. Алғысым көп әжетай, Көңілге гүл себесіз.
©  Алғыс айту күні
Ата сізге мың алғыс
Ата сізге мың алғыс, Бата беріп жүресіз. Рахмет ата сізге тек, Алғысым көп білесіз.
©  Алғыс айту күні
Бауырларым мың алғыс
Бауырларым, рахмет, Алғысым көп сіздерге. Амандықта болыңдар, Жол көрсетіп біздерге.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айтам бас иіп
Ағайын-туыс сіздерге, Алғыс айтым бас иіп. Рахмет, көп алғысым, Айтарым сол басты иіп.
©  Алғыс айту күні
Бірінші наурыз күні бұл
Құтты болсын қазағым, Алғыс айту күні бұл. Көктемнің күні бірінші, Бірінші наурыз үні бұл.
©  Алғыс айту күні
Алғысым көп, рахмет
Қазақ елім, Отаным, Қазақ тілім мың алғыс. Рәміздерім, байрағым, Берер бізге толғаныс. Жаратқаным жар болып, Бола берсін оңнан іс.
©  Алғыс айту күні
Ағайын-туыс мың алғыс
Ағвйын-туыс мың алғыс, Туысқандар барыңа. Рахмет айтам тағы да, Атар әрбір таңыма.
©  Алғыс айту күні