Халық туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 145
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 324
Нақыл сөздер: 136
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Қарадан хан болсам — халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам — атам жараған болар,
Жоқтан бар болсам — құдайым қараған болар.
©  Сырым Датұлы
Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.
©  Сырым Датұлы
Халық — көл, хан — құс.
©  Сырым Датұлы
Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.
©  Бауыржан Момышұлы
Бұзылғандықтың екi түрi бар: бiрi, халықтың заңдарды орындамауы; екіншісі: заңдардан халықтың азғындауы, соңғы дертке дауа жоқ, өйткенi оның себебi..
©  Шарль Луи Монтескье
Халық бүлінсе - саясат түзейді.
©  Жүсіп Баласағұни
Халық тарықса - үкімет жұтайды.
©  Жүсіп Баласағұни
Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.
©  Жүсіп Баласағұни
Жақсы бастыққа iстiң мән-жайын бiлетiн жақсы жәрдемшi, ақылгөй кеңесшi, қолқанат қажет. Мұндай жағдайда оның iсi жанып, ол өз халқына, қоғамына..
©  Жүсіп Баласағұни
Халықты күштеп тыңдатуға болады, оны бiлiмге зорлай алмайсың.
©  Конфуций
Білсең, халықтан озасың,
Білмеген жамандар, мойның неге созасың.
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
Бек өсер жай халықтың арқасында,
Тізгінді үзеңгімен тартсаң да!
Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.
Әділ патшаның әскері халықтан құралады.
Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.
Кемеңгердiң артынан көп ередi.
Жiгiттiң халыққа жаққаны –
Шырақ жаққаны.
Халық келiп-кеткендi сыйламайды,
Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.
Көптiң құрығы ұзын.
Көктi тiреуге болмайды,
Көптi мiнеуге болмайды.
Көзсiз күнелтсең де,
Көпсiз күнелте алмайсың.
Көптiң мүлкiн көргенсiз алар.
Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.