Гүл туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 37
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 34
Өлеңдер: 401
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 13
Туындылар: 2
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

СЕЗІМ ГҮЛІ
Сенің мұңлы жанарыңда қалды арман,
Сол арманды мен ғанамын аңғарған.
Мен өзіңді сүйгендіктен қызғанам,
Сені мендей сүйе алмайтын..
©  Саят Әбенов
Сабағы әлсіз сары гүл
Сабағы әлсіз сары гүл
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Жауын ба, жел ме – бәрі бір,
Өзінше ол да күресіп,
Жартаста жалғыз тұр өсіп.

Дәнеңе де атпай..
©  Мұқағали Мақатаев
Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.
©  Омар Хайям
Қолымдағы гүлдердің екеуін санамағанда барлығы раушан, тағы екеуінен басқасының барлығы қалампыр, тағы екеуін есептемегенде барлығы лалагүл. Менің..
Әйел адам - гүлмен тең.
©  Абай Құнанбаев
Біліктінің сөзі — жанып тұрған жас гүл.
Бұлбұлдан опа күтпе,
Әр гүл сайын әртүрлі сайрайды.
Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.
Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.

жауабы
Тау гүлі
Мұз астында қыстайды,
Жасыл тонын тыстайды.

жауабы
Гүл шешек
Тікенексіз болса,
Әтіргүл болар ма.
Гүлдің орны – бұта,
Төлдің гүлі – бота.
Бір гүл – көктем емес.
Гүл бар жерде тікен бар.
Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.
Білікті адамның сөзі - таза гүл.
Оған гүл де жақпайды,
Гүл өсірген құл да жақпайды.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Тасты тесiп, күресiп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгiн шөп тұр өсiп,
Қарсы ап дәйiм таң нұрын.

жауабы
Тау гүлi
Бұлбұл гүлдің ашылғанын
Көрем деп сайрайды.
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.