1 наурыз туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Тақпақтар: 89
Өлеңдер: 15
Құттықтау, тілектер: 62
Баталар: 23
Әңгімелер: 6
Шығармалар: 11
Эсселер: 11

Рахмет, Әке өзіңе!
Рахмет, Әке өзіңе, Өсірдің баптап, жетелеп! Рахмет Ана өзіңе, Жүрмін сізге еркелеп! Мың алғыс айтам сіздерге, Адамсыздар ең керек!
©  Алғыс айту күні
Рахмет көрші, достарға!
Рахмет, көрші достарға, Табылатын қасымнан! Мың алғыс айтам сендерге, Жаралған жан, асылдан!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Ұстаз анаға!
Рахмет ұстаз анаға, Үйрететін білімін! Рахмет ұстаз әкеге, Биіктетер тұғырын!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Жаттықтырушыға
Жаттықтырушыға, рахмет, Үйрететін тәлімін! Мың алғыс барша адамға, Еңбегі көп бәрінің!
©  Алғыс айту күні
Рахмет Қарындасыма
Рахмет Қарындасыма, Еркелейтін қасымда! Рахмет бауырларыма, Болар әркез осында!
©  Алғыс айту күні
Рахмет Аға-ініге
Рахмет Аға-ініге, Қолтығыңнан демейтін! Рахмет Әпке-сіңіліге, Құлауға жол бермейтін!
©  Алғыс айту күні
Рахмет Ата-әжеге
Рахмет Ата-әжеге, Бар тәттісін беретін. Рахмет Әкем-анама, Шуақ болып енетін!
©  Алғыс айту күні
Бірінші наурыз күнімен!
Құттықтаймын сіздерді, Алғыс айту күнімен! Рахмет барша, асылдар, Сусындатар біліммен!
©  Алғыс айту күні
Алғысым көп сіздерге
Алғысым көп сіздерге, Ұстаздарым, апайым! Көп рахмет, мың алғыс, Жүзі жылы ағайым!
©  Алғыс айту күні
Жадырасын жаныңыз!
Жадырасын жаныңыз, Алғыс айту күнінде! Баршаңызға мың алғыс, Нұр ойнасын жүзіңде!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған сыныптас
Мың алғыс саған, сыныптас, Рахмет көп өзіңе! Бірінші Наурыз бүгінгі, Нұр сыйласын жүзіңе!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс достарым
Мың алғыс айтам, достарым, Ашық болсын аспаның! Алғыс күні айтатын, Таусылмасын жақсы әнің!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айтам сіздерге
Алғыс айтам сіздерге, Ұстаздарым киелі! Мың алғыс апай, ағайлар, Қолдап жүрер үнемі!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған туған ел!
Мың алғыс саған, туған ел, Тәуелсіз ел барыңа! Бас ием саған туған жер, Әр күн сайын тағы да! Мың алғыс саған Аташым, Мейіріммен өсірген! Мың алғыс..
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс айтам, сізерге!
Мың алғыс айтам сіздерге, Алғыс айту күнінде! Атам, әжем, ата-анам, Мұң болмасын жүзіңде! Бауырларым, туысым, Мың алғыс айтам, рахмет! Оңды болып әр..
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс, рахмет айтамын
Мың алғыс, рахмет айтамын, Ұстазыма, досыма. Мың алғыс, рахмет айтамын, Үлкені мен жасына! Мың алғыс, рахмет айтамын, Мерейіңді асыра! Мың алғыс..
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс!
Мың алғыс Ата-әжеме, Ертегі айтып беретін. Мың алғыс Әкем- анама, Мені жақсы көретін. Мың алғыс Ағам-әпкеме, Маржан сөзін теретін. Мың алғыс..
©  Алғыс айту күні
Алғыс туған еліме!
Алғыс туған еліме, Күндей жылу беретін! Алғыс туған жеріме, Жанымдай жақсы көретін!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде, Жадырасын жанымыз. Мың алғыс игі жандарым, Жоғалмасын сәніміз!
©  Алғыс айту күні
Алғашқы күні көкемнің
Алғашқы күні көкемнің, Құтты болсын, мереке! Мың алғыс, рахмет сіздерге, Арта берсін береке!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнімен!
Құттықтаймын сіздерді,Алғыс айту күнімен! Жаны жайсаң Қазағым, Нұр кетпесін жүзіңнен!
©  Алғыс айту күні
Алғысым көп Әкешім!
Асқар тауым Әкешім, Жетелеген өмірде. Алғысым көп Әкешім, Мұң болмасын жүзіңде!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс сізге, Анашым!
Мың алғыс сізге, Анашым, Бар жақсыны бересіз. Мейіріммен аялап, Мені жақсы көресіз!
©  Алғыс айту күні
Құтты болсын, қазағым!
Құтты болсын, Қазағым, Алғыс айту күні бұл! Алғашқы айы көкемнің, Ең алғашқы күні бұл!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған Жаратқан!
Мың алғыс саған, Жаратқан, Өмір бердің біздерге! Шуағын шашты әр ақ таң, Саулық беріп ізгі елге!
©  Алғыс айту күні