Білім туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 226
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 20
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 10

Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар. 
©  Альберт Эйнштейн
Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым. 
©  Альберт Эйнштейн
Жігіттер күн болды ойланарлық...Асыл сол ақыл, білім бойда барлық. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Талаптан да білім мен өнер үйрен,Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Үйренсе білім менен сан өнерін,Білер еді-ау өнердің не берерін. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып,Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,Алға баспай, барлық ісі кер кетіп,Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп,Оқу-білім..
©  Мағжан Жұмабаев
Жатыр
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,Кілтін өнер-білім ашып жатыр.Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.Таласып..
©  Мағжан Жұмабаев
Өнер-білім қайтсе табылар
Ер жігіт өнер табар ерте қуса,Ерініп шаршамастай, белін буса,ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,Періште боп анадан қайта туса!Жақын туған, бауыр..
©  Мағжан Жұмабаев
Жазды күні қалада
Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер,Тұтқын ғып надандықты байлаған жер,Егілген ескіде өнер ағашыныңЖемісі, қызыл гүлі жайнаған жер.Білемін..
©  Мағжан Жұмабаев
Білім жарысы
Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарыстыратындар бай..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ғылым
«Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ,Оқыған ол ғылымды кәпір болмақ».Зулатып шариғатты шарт жүгініп,Молдекең отырғанда мойнын толғап.Сондықтан..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Оқуға шақыру
Балалар!Оқуға бар!Жатпа қарап!Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!Шақырды тауық мана әлдеқашан,Қарап тұр терезеден күн жылтырап.Адам да, ұшқан құс та..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Данышпан Аликтің ажалы
Жар салып, жасақ жияр білімді Алик,Білімсіз хұзарлардан алмаққа кек.Қаласын, егіндерін ызасы үшінОт пенен қойған арнап қылышқа деп.Қол бастап, киіп..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
 
©  Ғабит Мүсірепов
Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. 
©  Ғабит Мүсірепов
Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды. 
©  Ғабит Мүсірепов
Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе. 
©  Ғабит Мүсірепов
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. 
©  Ахмет Жұбанов
Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім. 
©  Марк Твен
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар. 
©  Махмұд Қашқари
Бақыттың белгісі - білім. 
©  Махмұд Қашқари