Тәрбие туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 237
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 122
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 2
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 25

Баланы – жасынан,
Қатынды – басынан.
Ғалым тәлімін өзінен бастасын.
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тең теңімен, тезек қабымен.
Ғалым алдында аузыңды тый.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
Көргенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
Жақсы лебіз, жарым ырыс.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Алдыңғы арба қайдан жүрсе,
Соңғы арба содан жүрер.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Сүт — сүйек өсіреді.
Орман аралаған үйші болар,
Ел аралаған сыншы болар.
Жорғаның тері кеппес,
Еркенің көз жасы кеппес.
Сұрай-сұрай Меккеге барады.
Төрде орын барда есікте отырма.
Бүгінгінің ертеңі бар.
Батар күннің атары бар.
Көкке бір кісі ұшады,
Етегіне мың кісі сыяды.
Әркімнің шыққан тауы биік.
Мың асауға бір тосу.
Алғыға қарап пікір ет,
Артқыға қарап шүкір ет.