Ағайын туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 108
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 111
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 24
Құттықтау, тілектер: 7
Баталар: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 3
Аңыздар: 1

Сыйласайық,
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас.
Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат.
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
Ағайын бірде араз, бірде тату.
Үйірінен айрылған айғыр
Ат болады,
Көңілді қалдырған ағайын
Жат болады.
Атың жақсы болса — қанатың,
Ағайын жақсы болса — санатың.
Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Жайды білмеген жақыннан,
Жайды білген жат артық.
Асыл аға, алғыр іні.
Туысы бірдің — уысы бір.
Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше.
Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
Ағайының барда дұшпаным жоқ деме,
Абысының барда күндесім жоқ деме.
Алыста жүрсе, кісінескен ағайын,
Жақында жүрсе, тістескен ағайын.
Ағайынның сырты бүтін, іші түтін.
Көсеу ұзын болса, қол күймес,
Ағайынның алғанын, жақыны білмес жат білер.
Малыңның жоқтығын ағайының білдіреді,
Қадіріңнің жоқтығын қатының білдіреді.
Ағайынды жігіттің кере қалыс жалы бар,
Жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.
Ағайын бар болса көре алмайды,
Жоқ болса бере алмайды.
Ағайын — ащы, мал — тұщы.
Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.
Ағайын — ағайынның айнасы.
Ағайын — алтау,
Ана — біреу.