Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
«П»Полковник пе – бұл?Пальтосындағы погонынан бiл.
©  Ескен Елубаев
 Өзеннiң өзегi өрiсi,Өзеннен өттiӨкеннiң өгiзi.
©  Ескен Елубаев
 Оңашада Оңалсынның,Ою оюы орынды.Орындықта отырыпОмардың оқу-оқуы орынды.
©  Ескен Елубаев
«Ң»Мыңғырған мал мың-мың,Маң ың-дың.
©  Ескен Елубаев
«Н»Назым наубайханада наубай,Нан-нанба.Назымның наубайханасындағы нандай,Нан жоқ нəрлi ондай.
©  Ескен Елубаев
«М»Мұрат, мына машинаға мiн,Мынау мотоциклге мiнгескенiң мiн.
©  Ескен Елубаев
«Л»Лəйлə – қыз,Лəйлек – құс.
©  Ескен Елубаев
«Қ»Қастерлi құс – қоқиқазҚорығында Қорғалжын.Қарақшы, қаныпезерденҚамқорлықпен қалайда,Қоқиқаздар қорғалсын.
©  Ескен Елубаев
«К»Көргенiмде кеше кеп,Көкөнiске кезек көп,Күткiм келмей кеткенмiн.Көрсем бүгiн кешке кеп,Кемiмептi кезек көп,Кезек күтем, кетпеймiн.
©  Ескен Елубаев
«Й»– Той қалай өттi?– Айқай-ұйқайсыз.Дау-дамайсыз.Ойбай-ұйбайсыз,Той осылай өттi.
©  Ескен Елубаев
«И»Ине сабақтауға Инеш икемдi,Иттi қуып далақтауға Имаш икемдi.
©  Ескен Елубаев
«З»
Зерiн зерлеп,Зерiкпейтiн зерек Зейнеп.
©  Ескен Елубаев
«Ж»
Жерге жусап жайылар,Желмен жүйткiп жарысқан,Жылқы – жүйрiк жануар.
©  Ескен Елубаев
«Ё»
Лифтёршi лифтi күзеткен,Бұзылса монтёр түзеткен.
©  Ескен Елубаев
«Е»
Ер – елiне ес.Елi ерiн елейдiЕр елiне еркелер,Елiмен ер елеулi.
©  Ескен Елубаев
«Д»
Далалықтарды дəрiпте,Дархан, дана, дарынды,Далалықтарға даралықДаласынан дариды.
©  Ескен Елубаев
«Ғ»
Ғаламшар ғарышкерi – Ғани,Ғұлама ғалым – Ғайни.
©  Ескен Елубаев
«Г»
Гүлжан гармоньды гулеттi,Геннадий гобойды гулеттi.
©  Ескен Елубаев
«В»
Вулкан лавасы атқан,Везувий қаласын жапқан.
©  Ескен Елубаев
«Б»
Бөлек бөлмеде бөбектiБесiгiне берiк бөлептi.
©  Ескен Елубаев
«Ə»
Əлди-əлди, əлдиiм,Əлдендiрген əлдиiм,Əлпештеумен əлдидiƏсерлендi əр күнiм.Əлемдегi əдемiƏппағымсың əлдиiм,Əлдиiмдi иiскесем,Əдiрем қалар..
©  Ескен Елубаев
«А»
Ардақтар асыл адамың,Ақ сүтiн ақта ананың...Ананың алсаң алғысын,Азаматсың, арлысың,Атағың асар аспандап,Абыройың асқақтап.
©  Ескен Елубаев
Қырсық қисықты.Қисық қырсықты.Қырсық құр қырсықты.
©  Ескен Елубаев
Тезек;кесек-кесек тезек пе десекТезек – кесек кезек емес,Майда тезек.
©  Ескен Елубаев
Мына палуан да өте ептi,Ана палуан да одан көп ептi.
©  Ескен Елубаев