Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Бұл теңiз – ерен теңiз,Ең терең теңiз деңiз.
©  Ескен Елубаев
Тураған пияз –Бұл аз пияз.Тағы тура бiраз пияз.
©  Ескен Елубаев
Өскен баста,Қиылған шашты шашпаБосқа баспа.
©  Ескен Елубаев
Кең еңiс,Кең еңiс, тегiс егiс. 
©  Ескен Елубаев
САП ҚҰРҒАН «ƏЛIППЕ»
(аллитерацияға құрылған)«А»Ардақтар асыл адамың,Ақ сүтiн ақта ананың...Ананың алсаң алғысын,Азаматсың, арлысың,Атағың асар аспандап,Абыройың..
©  Ескен Елубаев
«Я»
Яхия яслигеЯ барар, я бармас.Яхияны яслиЯ алар, я алмас.
©  Ескен Елубаев
«Ю»Юрмалада Юра жүр,Юля Юрамен бiр.
©  Ескен Елубаев
«Э»Экстрасенс эстрадада ол.Энергиясын жұмсар мол.
©  Ескен Елубаев
«Ь»Шинельдi шеш,Никель сымды кес.
©  Ескен Елубаев
«I»Iртiк-iртiк,Iштiк iркiт.Iркiп-iркiп.
©  Ескен Елубаев
«Ы»Ылғи ылди ыңғайсыз,Ырықсыз ылдилауға кiм ынтық?
©  Ескен Елубаев
«Ъ»Объ өзенiне бардық,Объективке түсiрiп алдық.
©  Ескен Елубаев
 Кещеге айтқан –Ащы да емес,Тұщы да емес,Лəм-мим демес.
©  Ескен Елубаев
 Шалғыңды шыңдап,Шалғынды шап шындап.Шөпшабыста шалапқаШөлiркесең шөлдi бас,Шалап – шаңдулы шанақта.
©  Ескен Елубаев
 Чехия елi – батыста,Чикаго қаласы – АҚШ-та.
©  Ескен Елубаев
 Циклон соғар,Цунами болар.
©  Ескен Елубаев
 Жиһаз алдық шаһарда,Табылмайтын жаһанда.
©  Ескен Елубаев
 Халық тыңдап хош алған,Хамит – хорда əн салған.
©  Ескен Елубаев
 Фарфор артқан,Фосфор артқан,Фрегат Босфор бұғазына тартқан.
©  Ескен Елубаев
 Үсен үйiрiп үйдегi үйректi,Үркiтiп ұшуға үйреттi.
©  Ескен Елубаев
 Ұнамды ұраны,«Ұландықтар» ұнады.
©  Ескен Елубаев
 Уақап,Уыс-уыс уаққаАқшаны уат, уақта.
©  Ескен Елубаев
«Т»Тастан-тасқа тайғанап,Таудан түскен таутеке,Төңiректен тың тыңдап,Тапжылмастан тұрды да, Тiке тартып талтүстеТасқайнарға таяды.Тасқайнардың..
©  Ескен Елубаев
 Сұрапыл сел сарқырама сияқты,Сай-саламен сарылдаған су ақты.Самырсынды сiрiңкеңiз секiлдiСырт сындырып, сереңдетiп сұлатты.
©  Ескен Елубаев
 Республика рəмiздерiРет-ретiмен рəсiмделдi.
©  Ескен Елубаев