Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Жесін биыл жаздаБіздің екі қазғаБір қап тары аз ба?Онда бос қап табайық,Екі қабын алайық.
©  Серікбай Оспанов
Қойды, бала, жарға айдама,Ұрма, босқа айғайлама!Сенде ақыл, ес, ой бар ма,Шыға алмайды қой жарға?!
©  Серікбай Оспанов
Ұлықбектің ұлыАйта алмайды «Ұ»-ны,Айта алмайды «Ү»-ні,Айта алмайды «Ы»-ны.Үйретем қалай мұны?!
©  Серікбай Оспанов
Айгүл алдына айна алып,Қарап отыр ойланып.Гүлнар оның жанындаЖүгіріп жүр айналып.
©  Серікбай Оспанов
Бұзау, қозы, тай, лақ таҚұлындар да, тайлақ таЖүрген жаңа сай жақта.
©  Серікбай Оспанов
Қорқушы еді қараңғыдан,Қаптап кетті қараң-құраң.Шыға келсе қайтер едіСайдан бір аң, қырдан бір аң?Қарай берді алаң-жұлаңҚараң-құраң..
©  Серікбай Оспанов
Қайнағанда əн салатынСекілді біздің құман.Далада қатты жел тұрғанда,Салады екен құм əн.
©  Серікбай Оспанов
Уақытты жол алар,Сонда да тез оралар.Асықпаса ол тағы да,Үйге бір күн қона алар?
©  Серікбай Оспанов
Мініп атқа қара қасқаАтам бүгін барады асқа.Атаңды сен қарсы алғайсыңЖоқ қой үйде бала басқа.
©  Серікбай Оспанов
Есікті кеп қақса ағайым,Сыртқа шығып қарсы алайын.
©  Серікбай Оспанов
Ойлап-ойлап бас қатты,Мініп кетті-ау басқа атты.Шабан ат қой жаман ат,Қырдан əлі аспапты.
©  Серікбай Оспанов
Сарқантта –Сары солдаттар да бар,Сарғалдақтар да бар,Солдаттарда шардақтар да бар,Сарғалдақтарда сары дақтар да бар.
©  Жәди Шәкенұлы
Қодар ожар болды ма,Ажар ажал болды ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Құр дарақты құрт, араққа берді ме,Ұлтарақты ұл – қараққа берді ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Жарыместің көтергені жарты мес емес пе,Жарты мес жарыместің шарты емес пе?
©  Жәди Шәкенұлы
Қажымұрат Қожамұратов па,Қожамұрат Қажымұратов па,Қажымұрат пен Қожамұрат – Қазымұратов па?
©  Жәди Шәкенұлы
Сара сары қымыздың сарқынын ішті ме,Сары қыздың сарқынын ішті ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Ермектің ең ірі елтірі бар ма,Еңліктің ең ірі етігі бар ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Ит ішпес көлден ешкім де ішпес,Ешкім ішпеген көлден ешкі де ішпес.
©  Жәди Шәкенұлы
Петрапауыл – бек кір ауыл, бекірелі ауыл,Павлодар – даулы ауыл, дауылды ауыл.
©  Жәди Шәкенұлы
Дастархандағы талқаннан Дархан тарахан көрді,Тарахан тас-талқан болған Дарханды көрді.
©  Жәди Шәкенұлы
Қарғалдаққа адал ақ қар нақ қар болар,Қарға адал, ақ гүл қарғалдақ болар.
©  Жәди Шәкенұлы
Шалғыдан шалдықтың ба,Шалдықтан шалдықтың ба.Шалғы тарқан шалдықтан жалықтың ба?!
©  Жәди Шәкенұлы
Құлдар құр алақан тұрар ма,Құлдарды күң Гүлнар мен қу Құмар құр алақан қылар ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Арқарға ақ қардан бақ бар ма,Ақ қарға арқардан бақ бар ма.
©  Жәди Шәкенұлы