Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Энергетик болапын
Бағдврлайтын жарықты, Энергетик боламын. Өшіп қалса жарығың, Жөндеп оны жағамын.
©  Энергетик күні
Мен де сіздей боламын
Энергетик ағалар, Мен де сіздей боламын. Жөндеп әркез жарықты, Биіктерге қонамын.
©  Энергетик күні
Сіздер барда жарық бар
Сіздер баода жарық бар, Энергетик ағалар. Жөндеп үшін жаоықты, Биіктерді жағалар.
©  Энергетик күні
Ағаларым айбынды
Жөндеп жүрер жарықты, Ағаларым айбынды. Энергетик маманы, Биікте әркез айбыны.
©  Энергетик күні
Жарықты олар жөндейді
Жарықты олар жөндейді, Сымы үзілсе емдейді. Энергетик ағалар, Түнекке жол бермейді.
©  Энергетик күні
Энергетик ағалар
Энергетик ағалар, Жөндейтіндер жарықты. Жасап жатқан олардың, Жұмыстары қауіпті.
©  Энергетик күні
Энергетика саласы
Қауіпті оның жоғары, Энергетика саласы. Маңыздысы сақталу, Қауіпсіздік шарасы.
©  Энергетик күні
Энергетик мамандар
Энергетик мамандар, Айналысар жарықпен. Жарық өшсе жөндейді, Бізді етіп жарықты ел.
©  Энергетик күні
Қосамыз біз сізді әнге
Қосамыз біз сізді әнге, Прокурорлар, ағалар. Жана берсін еңбегің, Халқың, елің бағалар!
©  Прокуратура күні
Прокуратура күнінде
Прокуратура күнінде, Жарқыраңыз, жынданып. Прокурорлар, ағалар, Таң боп сізге бар халық!
©  Прокуратура күні
Адалдықтың жолында
Адалдықтың жолында, Еңбектеніп жүретін. Прокурорлар жасасын, Адал өмір сүретін.
©  Прокуратура күні
Жақсы көрем сіздерді
Жақсы көрем сіздерді, Прокурорлар, ағалар! Қызыметте өсе бер, Халқың болып бағалар!
©  Прокуратура күні
Мен де сіздей боламын
Прокурорлар өскенде, Мен де сіздей боламын. Адал қызмет етемін, Толған айдай толамын!
©  Прокуратура күні
Прокурорлар адал жан
Прокурорлар адал жан, Ел үшін деп жүретін. Қызыметте адал боп, Адал өмір сүретін.
©  Прокуратура күні
Құтты болсын мереке
Желтоқсанның алтысы, Құтты болсын мерекең. Прокурорлар жасай бер, Артып дәйім берекең!
©  Прокуратура күні
Прокуратура күні бұл
Құтты болсын кеп жеткен, Прокуратура күні бұл. Ел үшін қызмет ететін, Адалдықтың үні бұл.
©  Прокуратура күні
Шыншылдықты таңдайтын
Адалдықтан танбайтын, Жақсылықты жалғайтын. Прокурорлар жасасын, Шыншылдықты таңдайтын!
©  Прокуратура күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Прокурорлар мереке. Қызыметте, үйіңде, Арта берсін береке!
©  Прокуратура күні
Прокурорлар қазақтың
Прокурорлар қазақтың, Адал әрі еңбекқор. Жазығы жоқ аламға, Көмектерін берер мол.
©  Прокуратура күні
Прокурорлар қызметі
Прокурорлар қызметі, Біздерге ең керегі. Жазықсызға тиетін, Әрқашанда көмегі.
©  Прокуратура күні
6 желтоқсан
Алтыншы бұл желтоқсан, Прокуратура күні ол. Әділдікті жақтайтын, Прокурорлар үні ол.
©  Прокуратура күні
Прокуратура күнімен
Құттықтаймын сіздерді, Прокуратура күнімен. Бар жақсыны тілеймін, Риясыз пәк үніммен!
©  Прокуратура күні
Прокурорлар жасасын
Прокурорлар жасасын, Әділдікті жақтайтын. Жүгінетін дәлелге, Себепсіз мін тақпайтын!
©  Прокуратура күні
Тілдер күні бастасын!
Тілдер күні бастасын, Қуаныш пен бақытқа. Достығымыз жарассын, Сыйласып әр уақытта!
©  Тілдер күні
Қазақстан көпұлтты
Қазақстан көпұлтты, Мемлекет бұл қараңыз. Әрбір ұлттар тату боп, Жайнай түссін араңыз!
©  Тілдер күні