Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жеңіс келген кезінде
Жеңіс келген кезінде, Қуанғандай бұлақтар. Шөлін басып жағада, Бой көтеріп құрақтар!
©  Жеңіс күні
Қаза тапқан ерлікпен
Жеңіс күнді аңсаған, Жауынгерлер қаншама. Қаза тапқан ерлікпен, Қазағым деп жар сала.
©  Жеңіс күні
Тоғызыншы мамырда
Тоғызыншы мамырда, Есік ашқан жеңіс күн. Қуандырған баршаны, Жоқ болғандай қайғы мұң.
©  Жеңіс күні
Жеңіс берген мереке
Тоғызыншы мамыр келетін, Жеңіс берген мереке. Мерекеден ұласқан, Шаңырақта береке.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні келгенде
Жеңіс күні келгенде, Қуанды бар аламдар. Қайтқан жанды өмірден, Мұңайды ойлап бар халық.
©  Жеңіс күні
Аталардың жеңісі
Аталардың жеңісі, Қуандырған баршаны. Содан бері аталар, Бар қазақтың мақтаны.
©  Жеңіс күні
Жеңіс таңы атқанда
Жеңіс таңы атқанда, Күн күлімдеп шыққандай. Қара бұлттар үйрілген, Жоқ боп басын бұққандай!
©  Жеңіс күні
Жеңісті күн келгенде
Жеңісті күн келгенде, Жауынгерлер қуанды. Арнап шықты гимн етіп, Жеңіс күнге ән жырды.
©  Жеңіс күні
Бауыржандай атам бар
Бауыржандай атам бар, Отан үшін шайқасқан. Көрді атам жеңіпті, Аман келіп шайқастан.
©  Жеңіс күні
Жеңіс үшін шайқасқан
Жеңіс үшін шайқасып, Көре алмаған жеңісті. Әлия, Мәншүк қазақтың, Батыр қызы келісті.
©  Жеңіс күні
Тоғызыншы мамырда
Тоғызыншы мамырда, Жеңіс келген ұлы күн. Ардагерлер қуанған, Шаттанған бұл үні бір.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні, жеңіс үні
Жеңіс күні, жеңіс үні, Қуандырған баршаны. Мерекеде шырқалған, Жеңістің бұл тәтті әні.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні ғажайып
Жеңіс күні ғажайып, Қасіреттің біткені. Аталардың жеңісі, Орындалып кұткені.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні
Жеңіс күні — жеңіске жеткен күнің, Тоғызыншы мамырда атойлатып. Содан бері мереке жалғасуда, Ардагерді еске алып, ән ойнатып.
©  Жеңіс күні
Ынтымақты біз елміз
Ынтымақты біз елміз, Бірлігіміз жарасқан. Әр жиында бас қосып, Сыйластықпен тарасқан.
©  Бірлік күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Жарқырасын жанымыз. Әр жыл сайын тойлайық, Бірлік күнін тағы біз.
©  Бірлік күні
Бірлік күні ғажайып
Бірлік күні ғажайып, Құтты болсын сіздерге. Сыйластықта барлық ұлт, Үн қататын ізгі елге!
©  Бірлік күні
Жасай берсін сыйластық
Қазақстан жанданып, Жасай берсін сыйластық. Түрлі ұлттар бір-бірін, Жамандыққа қимастық.
©  Бірлік күні
Ынтымақты елім бұл
Ынтымақты елім бұл, Жарасатын бірлігі. Сыйластықта үн қатар, Достастықта тірлігі.
©  Бірлік күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Ынтымақтың мекені. Түрлі ұлттар достықты, Көңілге ту етеді.
©  Бірлік күні
Тыныш болсын еліміз
Тыныш болсын еліміз, Бірлік күні жанданып. Біз жүрейік балалар, Бірлік күні ән салып...
©  Бірлік күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Келіп жеткен бүгінгі. Жасай берсін ынтымақ, Шырқатып ән жырымды.
©  Бірлік күні
Жүректе бар сағыныш
Жүректе бар сағыныш, Бүгін бірлік күніне. Ынтымақтың күні бұл, Келсе дейміз күніге.
©  Бірлік күні
Ұлтаралық достастық
Ұлтаралық достастық, Тамыр жайған тереңге, Біріне бірі қиналса, Дайын тұрар демерге.
©  Бірлік күні
Сүйемін туған жерімді
Сүйемін туған жерімді, Ынтымағы жарасқан. Ұлтаралық достастық, Сыйластыққа жанасқан.
©  Бірлік күні