Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Тамшы
Тамшы,тамшы,тамшыларКөгерді ағаш, тал шынар.Тамшылардан өнетінТамаша гүлдер бар шығар.
Жасыл көктем
Жасыл көктем келедіСамал беттен өбеді.Көкте бұлттар көбейсеМөлдір тамшы төгеді.
Өкпелеме
Өкпелеме,сезілсе де салқыны,
Қу сынақтың бар жалғанда сан түрі.
Бұл өмірді жақсы көріп кетесің,
Бір адамды жақсы көру арқылы.
©  Саят Әбенов
Ананды бағала
Бар кезінде қадірлей біл,бағала,
Ол жан үшін барлық байлық садаға.
Сүйген адам сыйлықсыз да сүйеді,
Ең әуелі құрмет көрсет анаңа!
©  Саят Әбенов
Қыз
Әрбір қызды "Қыз Жібек" деп санама,
Сырт келбеті әдемі деп қарама.
Сұлу әйел табылады бірақта,
Жақсы келін табу қиын Анаңа!
©  Саят Әбенов
Өмір
Өмірдің өзі өлшеулі,
Түсірме бірақ еңсеңді.
Бүгінгі күнің кім білсін,
Күнің бе сенің ең соңғы.
©  Саят Әбенов
Жаз бітеді....
Жаз бітеді,тағы да күз келеді,
Күз де бітіп суытар мұз денені.
Мен біреуді іздедім,
Бірақ мені іздемеді...
©  Саят Әбенов
Ғашық
Бір жүрекке керек екен бір жүрек,
Тұра бермес үмітің де үлбіреп.
Ғашық болсаң өмір өзі көрсетер,
Кім Бекежан, кім Төлеген, кім Жібек.
©  Саят Әбенов
Намыс
Ұлт үшін жанын беріп алыспаған,
Адамдар қай кезде де алыс маған.
Құр ғана қу құлқынның құлы болған,
Намыссыз қазақ көрсем намыстанам!
©  Саят Әбенов
Әрбір қазақ - жақыным
Тыңда мені, әрбір қазақ - жақыным,
Асықтырма, жүрген дұрыс ақырын!
Ажай гайыасыққанды тоқтатар,
Өмір жолы - өлшеп салған шақырым...
©  Саят Әбенов
Ана
Патша бол мейлі басқа бол,
Анаңның орны асқақ ол.
Сүрінген сәтте ол құсап,
созбайды саған доста қол.
©  Саят Әбенов
Тоңымды шешіп алса...
Тоңымды шешіп алса шешіп алсын,
Басымды кесіп алса кесіп алсын.
Егерде бассыз қалсам, басы барлар
Махамбет екеумізді есіне алсын!
©  Саят Әбенов
Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім?Шабақ болам титтей.Белің қайда, туған елім?Ойнақтайтын киіктей.Далаң қайда, туған елім?Жатайын да ойлайын.Бабам қайда, туған..
©  Мұқағали Мақатаев
Керек осы адамға
Керек осы адамға?Бүгін бе, болашақ па?!Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.Әлде өмір..
©  Мұқағали Мақатаев
Ана тілі
Туған анам сөйлеген ана тілім,
А дегенде: «Апа» дей алған тілім.
«Апаға» «ата» деген сөзді қосып,
Бірте-бірте сол тілмен алдым білім.
Әжем байғұс..
©  Тайыр Жомартбаев
Таң
Жарық дала һәм көгал,
Аралар жүр жинап бал.
Кішкене қоңыз жем тасып,
Оянды орман, күліп тал.
Тоқылдады тоқылдақ,
Ызыңдап шыбын, тынбай..
©  Тайыр Жомартбаев
Жалқау бала
Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.
Сабаққа мойын бұрмайды,
Кітаппен кеңес..
©  Тайыр Жомартбаев
Балаларға насихат
Тырысалық, ғазиз жас,
Балалыққа болмай мас,
Оқып сабақ, білсеңіз,
Есімің болар елге паш.

Ойыншы жалқау баладан
Үйір болмай аулақ қаш!
Ғылым..
©  Тайыр Жомартбаев
Білім күні
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде-бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!
©  Мұзафар Әлімбаев
Ауыл маңында
Ауыл маңы саз, саз, саз.
Жайылады қаз, қаз, қаз.
Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.
Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.
Шашқан дәнің аз, аз, аз.
©  Мұзафар Әлімбаев
Санамақ
Бір дегенің - Білім,

Екі дегенің - Ілім.

Үш дегенің - Ғылым.

Төрт дегенің - Таным,

Бес дегенің - Талғам,

Алты дегенің - Ақыл.

Жеті..
©  Жарылқасын Боранбай
Кітап
Аралайтын ішін сен,
Тау мен
Дала,
Жазығың.
Кітап дейтін түсінсең,
Ақыл-Ойдың азығы,
Қадір-қасиет қазығы!

Тұрар болса..
©  Жарылқасын Боранбай
Әліппе
Қолыңдағы Әліппе,
Тола алтын әріпке
Ою, өрнек, гүл, нақыш,
Ұқсайды сән, көрікке.

"А" әрпінен басталар,
Білім елін басқарар.
"Я" әрпімен..
©  Жарылқасын Боранбай
Қазақстан жалауы
Көк байрағы бабамның –
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке-баланың –
Қазақстан жалауы.
©  Ермек Өтетілеуов
Ата тілегі
Айналайын балашым,Аман болсын анашың!Аман болсын әкең де,Ағатайың, тәтең де!Өзің тәтті болдай бол,Өсіп, өсіп, таудай бол,Өмір жолын таңдай біл!Оқуда..
©  Ермек Өтетілеуов