Туған жер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 68
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 374
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 10
Поэмалар: 2
Шығармалар: 5
Эсселер: 5

Туған жердің жуасы да тәтті.
Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.
Өз елінде көртышқан да батыр.
Өз елім, өлең төсегім.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Ер — елінде, гүл — жерінде.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас