Туған жер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 68
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 374
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 10
Поэмалар: 2
Шығармалар: 5
Эсселер: 5

Туған жердің түтіні де тәтті.
Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
Сарала қаз көлін сағынар.
Көп біріксе - ел болар,
Көп тілегі көл болар.
Ел мен жер егіз.
Есің барда елің тап.
Көп ел - сарқылмас көл.
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.
Бөтен жердің гүлінен,
Туған жердің тікені артық.
Бақа батпағына, балық көліне
Дарақ бір жерден көгереді.
Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.
Пәлен жерде пайда бар,
Өз жеріңдей қайда бар?!
Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
Туған жердің торғайы
Тұрымтайдай көрінер.
Құлыны тайдай көрінер,
Қыздары айдай көрінер.
Туған елің болмаса,
Тумай-ақ қойсын күн мен ай.
Туған жердің
Түйе жейтін жапырағы да дәрі,
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрі.
Туған жердің күні де ыстық,
Күлі де ыстық.
Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне.
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Туған жердің торғайы да сүйкімді.
Атамекен туған жер,
Кір-қоңыңды жуған жер.
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
Атамекен туған жер,
Кір-қоңыңды жуған жер.
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.