Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Малым жанымның садағасы,Жаным арымның садағасы. 
Малым бар деп мақтанба,Нарым бар деп мақтан,Нарым бар деп мақтанба,Арым бар деп мақтан. 
Қоралы мал — елдікі,Қорасыз мал — желдікі. 
Мал тапқанның айыбы жоқ. 
Дала көркі — мал,Қала көрісі — тал. 
Малдың қонысын тапқан —Шөптің сонысын тапқан. 
Кендірмен байлама,Жыңғылмен айдама,Кендірмен байласаң,Жыңғылмен айдасаң,Мал бітер деп ойлама. 
Мал мекенін іздейді. 
Ұры болмаса — бөрінікі.Иесіз мал — ұрынікі. 
Ақсақ алсаң, сау туар. 
Мал бітеріндеКілемнің түгіндей,Мал кетеріндеҚолдың кіріндей. 
Жарлы болатын жігіткеҚазалы мал тап болар.Жалғыз болатын жігіткеБедеу қатын тап болар. 
Кемпір шалдың тілін біледі,Шал малдың тілін біледі. 
Қорада малың болсын,Көшеңде талың болсын,Мал — аяғың,Тал — таяғың. 
Малыңды қойған жеріңнен іздеме,Тойған жерінен ізде. 
Әркімнің өз малы өзіне ыстық. 
Сасық суда жайын бар,Олжа малда қайыр жоқ. 
Барымтадан келген малҚарымтамен кетеді. 
Мал қадірін білмеген,Жан қадірін білмейді. 
Даланың көркі — мал,Өзеннің көркі — тал. 
Мал айдаса елдікі,Ысқырса желдікі. 
Шаруа болсаң,Малыңның қасында бол.Диқан болсаң,Жеріңнің басында бол. 
Дала малсыз болмайды,Орман аңсыз болмайды. 
Малым жоқ деме,Бір күнгі ұйқы.Балам жоқ деме,Бір күнгі күлкі. 
Суды өзі кешіп ішпей,Мал қоңданбайды.Шөпті өзі орып жемей,Мал жонданбайды.