Төрт түлік мал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 672
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 4
Ертегілер: 5
Шығармалар: 1

Әр түлкінің өрісі басқа,Әр ауылдың қонысы басқа. 
Біреу малға зар,Біреу басқа зар.Мал баққандікі,Қоян қаққандікі. 
Бағайын десе, малы жоқ,Ыңыранайын десе, ауруы жоқ. 
Сатарманның жаман малы жоқ. 
Жері семіздің — малы семіз. 
Жерім — малға жай,Елім — жанға жай. 
Малым жанымның садағасы,Жаным арымның садағасы. 
Малым бар деп мақтанба,Нарым бар деп мақтан,Нарым бар деп мақтанба,Арым бар деп мақтан. 
Қоралы мал — елдікі,Қорасыз мал — желдікі. 
Мал тапқанның айыбы жоқ. 
Дала көркі — мал,Қала көрісі — тал. 
Малдың қонысын тапқан —Шөптің сонысын тапқан. 
Кендірмен байлама,Жыңғылмен айдама,Кендірмен байласаң,Жыңғылмен айдасаң,Мал бітер деп ойлама. 
Мал мекенін іздейді. 
Ұры болмаса — бөрінікі.Иесіз мал — ұрынікі. 
Ақсақ алсаң, сау туар. 
Мал бітеріндеКілемнің түгіндей,Мал кетеріндеҚолдың кіріндей. 
Жарлы болатын жігіткеҚазалы мал тап болар.Жалғыз болатын жігіткеБедеу қатын тап болар. 
Кемпір шалдың тілін біледі,Шал малдың тілін біледі. 
Қорада малың болсын,Көшеңде талың болсын,Мал — аяғың,Тал — таяғың. 
Малыңды қойған жеріңнен іздеме,Тойған жерінен ізде. 
Әркімнің өз малы өзіне ыстық. 
Сасық суда жайын бар,Олжа малда қайыр жоқ. 
Барымтадан келген малҚарымтамен кетеді. 
Мал қадірін білмеген,Жан қадірін білмейді.