Төрт түлік мал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 672
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 4
Ертегілер: 5
Шығармалар: 1

Арықтың көркі — сәмбі тал,Аттың көркі — құйрық, жал. 
Жемісті ағашқа тас атпа,Буаз биеге тас артпа. 
Судың терең, саязынАғысынан білерсің.Аттың жақсы, жаманынШабысынан білерсің.
Шайтан шайтанды іздейді,Тай тайқарды іздейді. 
Есекті жеге білмегенОтыннан қалдырады. 
Үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер
Үй жануарлары жайлы мақалдар жинағы
 
Аң, құс, балық аулау қазақ шаруасының көмекші кәсібі, тал негізгі кәсібі – мал өсіру болған. Мал – қазақ..
Есектің жүгі жеңіл болса,Жатаған келеді.
ЕргежейлігеЕсектен биік көлік жоқ.
Есегімнің керіне қарама,Әшекейліеріне қара! 
Сауып отырған малы барТоқтық көрмесе де,Жоқтық көрмейді. 
Бар малына сенеді,Жоқ қарнына сенеді. 
Қорасында айыры жоқтыңМалға қайыры жоқ. 
Малдың белшеден бейнеті де бар,Көрсетер зейнеті де бар. 
Құрақсыз көлдің сәні жоқ,Тұяқсыз малдың сәні жоқ. 
Сауыны аздың жазы қысқа. 
Мал аралаған — малшы,Торғай аралаған — аңшы. 
Ер елге қарап өсер,Мал төлге қарап өсер. 
Көп ұстаған қамшығаҚол үйреніп қалады.Көп мал баққан малшығаМал үйреніп қалады. 
Мал азығы — ырыс қызығы. 
Жайылым тапса,Мал семіреді.Қайырым тапса,Жан семіреді. 
Малдың аласы сыртында,Адамның аласы ішінде. 
Мал басқа бітеді,Қына тасқа бітеді. 
Үмітсіз жаннан без,Қайырсыз малдан без. 
Ұрыншақ аттаЖал тұрмас,Көңілшек кісідеМал тұрмас. 
Мал иесіне тартады,Сөз жүйесіне тартады.