Отан туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 67
Тақпақтар: 35
Өлеңдер: 242
Нақыл сөздер: 26
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 1
Шығармалар: 11
Эсселер: 4

Ер — елінде, гүл — жерінде.
Өз елінің иті де қадірлі.
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.
Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Отан — отбасынан басталады.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Жауда қалған бұлбұлдан
Отанға қайтқан ит артық.
Отан қадіріне жетпеген
Өз қадіріне жетпейді.
Отан отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық,
Жалыны бар шоқтан да ыстық.
Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
Сүтіңді балаңа, өміріңді Отаныңа арна
Отан - барлық аналардың анасы
Отансыз адам әуенсіз бұлбұлмен тең
Опасызда oтан жоқ