Бөлім: «Жаңылтпаштар»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Жапатармағайламай,Айғайламай,Жапатармағайламай,«Ағайламай»Сөйлеңдер, – дедi ағай.
© Ескен Елубаев
Жаңылтпаш
Ит иттігін жасап,Иесін қауып алды.Иесі иттің иесі үшінҚұйрығын шауып алды.Иттікі иттік дегенде,Иесінікі немене?!
© Марат Нұрқалиев
Айтысатын – Әйтіш ақын. Әйтіш айтысқа қатысты, Айтысқа айтқыш қатысты. *** – Жаңқа ақ, – деудің орнына Жаңғалақ: – Жаңғақ ақ, – депті. *** Іскер –..
© Мұзафар Әлімбаев
Секілді емен,Секір Мерген.Секіргеннен.СекірмегенСекілді өрден,Секір Мерген.
© Кеңесжан Шалқарұлы
Іскер істіңІскерлігінОйластырмай,Ойға асырмай,Ой, қатырды-ай!Ойлайтындай,Ойла тұрмай,Ой, батыр-ай!
© Кеңесжан Шалқарұлы
Қарт Арқарбай дегенде,Қарт Арқарбай!Арбаңды аударасың,Тарт, Арқарбай!Күн түс болды,Жұрт түстенді.Жүрсің бе, əліАрбаңа арпа арта алмай!
© Кеңесжан Шалқарұлы