Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Інім: мылжыңдық десем, мыңжылдық,Мыңжылдық десем, мылжыңдық дейді.
©  Көмек Ыбрайұлы
Еңбегімен ер еленер,Кемелердегі ерен еленер.Кемел еленер,Кемел еленсе, ел еленер.
©  Көмек Ыбрайұлы
Бала, тай қамалық,Алақайламалық.Ал, талапайламалық,Талап айқайламалық.
©  Көмек Ыбрайұлы
Ұлан бұланға құлан құла аңғаҚұнан құлан лаң салды, – деді.
©  Көмек Ыбрайұлы
Бұл ұңғылар бұрғыланылған ба,Бұрынғылар бұрғыланылған ба?Біл, бұл бірыңғай бұлыңғыр ұңғыларБұрғыланыңқыралмаған екен.
©  Көмек Ыбрайұлы
Інім Қожан тоңазытқыш десем,тозаңытқыш,Тозаңытқыш десем, тоңазытқыш дейді.
©  Көмек Ыбрайұлы
Жағалау жағалай қарағай,Жағалаудағы жағажайда жұрт,Қарағайларды жағалай сағалар.
©  Ескен Елубаев
Жыртыс жыртты,Жырғап жұртты.
©  Ескен Елубаев
Қабырғаларға кiлең кiлем iлдi,Iлген кiлем кiлең өңдi.
©  Ескен Елубаев
«Тойбастарсыз» қай той тарқар,«Тойбастар» айтар,«Тойбастардан» кiм бой тартар?
©  Ескен Елубаев
Босап қапты балта сап,Балта сапты қайта саптап,Балта шап.
©  Ескен Елубаев
Далаға жатсақ,Отын тапсақ,Оны жақсақ,Сiрiңке шақсақ.
©  Ескен Елубаев
Алакөл,Дара көл.Алакөлдi қара, көр.Ол көл –Мөлдiр көл.Ең мөлдiр көл –Сол көл
©  Ескен Елубаев
Қарын ашса –Ас асса.Ет асса,Қазы асса,Жесек жазса.
©  Ескен Елубаев
Маймақ аю,Балға бармақ,Балға басын малмақ.Бал алмақ,Басын малмақ
©  Ескен Елубаев
Тұзсыз ас – тұщымсыз ас,Бұрышсыз ас – тұщымы аз.
©  Ескен Елубаев
Шынтуайтын айт,Кiм суайт?Суат суайт па?Қуат суайт па?
©  Ескен Елубаев
Төрлет төрге,Төрге өрле.
©  Ескен Елубаев
Ең жақсысы –Хатшының бар сақшысы.Ол жақсы сақшы.
©  Ескен Елубаев
Жегендердiң бəрi мəз,Қазы рас – дəрi ас.
©  Ескен Елубаев
Осы қозы,Семiз қозы өзi.
©  Ескен Елубаев
Үңгiр күңгiрт,Iшi тымық жым-жырт.
©  Ескен Елубаев
Олар оралмандарЕлге оралғандар.
©  Ескен Елубаев
Кешкi бес,Көштi көш... кеш.
©  Ескен Елубаев
Алса да сонша самса,Тəттi емес самса онша.
©  Ескен Елубаев