Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Бұл сайдаКәрі ағаш та бар,Жас ағаш та бар,Кесіп алсаңШоң ағаш та бар,Ат ағаш та бар.
Бұтап, бұтап, бұтақты,Бұтақты тұтатты.Тұтатты бұтақты,Бұтақты тұтатты.
Бір кездеБір кезбе,Тау мен тасты көп кезді.Бір кезбе,Бір кездеТау текеге кез келді.
– БылтырҚұлпырды бұл қыр,–Деді сұр құр.– Биыл сол қырың – шиыр,–Деді сиыр.– Шындық мұның,–Деді құлын.
Бөдене бедеде,Көбелек көдеде.Бедені – беде де,Көдені – көде де.
Біл, бұл – тіл,Бұл – бір ірі піл.
Бөрте серке қой бастайды,Қой бастаған серкелер ойқастайды.
Байғыз – қай құс?Байғыз – байғұс.Ұшады жалғыз.
Бақбақ бақта бар,Бақа да бақта бар.
Бұл құр емес, бұл – шіл,Бұл шіл – сұр шіл.
Балық көп пе екен,Халық көп пе екен?!Халықтың ішінен кімБалықты сөкті екен?
Бақшашы бақша бақса,Бақшасы сатса ақша.
Бос шатыр,Бос жатыр.
Біздің ел – күрішті,Ырысты-күрішті.Күрішті оруғаЫрысты кірісті.
Гауһар жеңін түрінді,Газға балық қуырды.Гүлдерге су себелеп,Газетке де үңілді.
Гүлжамила – бақташы,Гүлге толы бақшасы.
Гүл-гүл жайнап жер-аспан,Гүрілдейді сайда өзен,Гүлжазира жарасқан,Гүлдерімен қай кезең?
Гөк, Гөк, көги гөк,Көк көп, көги көк,Гөк, Гөк, көги көк.
Ғажап бояу жағады,Ғали сурет салады.
– Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.– Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,Әй, Тайқарбай, дегенiң қай Тайқарбай?
Демеудi Медеу демемеп пе?Медеудi Демеу демеп пе?
Досқа босқа қарама,Дос та босқа қала ма?
Далада Дана да ойнап жүр,Далада сана да ойнап жүр.
Досым маған еліктепДомбырамен ән салды.Дән риза болып көп,Дуылдады, тамсанды.
ДәуренніңДутары бар,Дағарадай.