Бөлім: «Жаңылтпаштар»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Сендегі басты бас деп,Әрі алғыр, әрі жас деп,Алғаның кәрі мәстек,Ол босқа ішеді ас тек.
— Мың мінБойында кімнің?— Жалқаудың бойындаМін мың!
Мыңның мұңы —Мұңның мұңы.Мұңы мыңның—Мұңы мұңның.
Дәптерім дәптер-ақ еді,Жоғалтқан «Қап!»— дер-ақ едіҚажетке көп жарап еді,Әлі де көп жері ақ еді.
Асанды әсем десем де,Әсем одан әсемдеу.Әсемді әсем десем де,Асан, сірә, әсемдеу.
Бала бұл ең тентек,Күшіміз теп-тең деп,Күреспе тектен-тек,Құлайсың көптен-көп,Аяғың көктен кеп.
Айта-айта жақ талды,Қайта-қайта жатталды.Қайта-қайта жақ талды,Айта-айта жатталды.
МазасызЖазасыз,АмалсызАзасыз.ЖазасызМазасыз,АзасызАмалсыз.
Шашы сарыСашаның да жасы сегізде,Шашы сұрыСашаның да жасы сегізде.
Арықтың бәрі ғаріп емес,Ғаріптің бәрі арық емес.Ал Әріп арық та емес,Ғаріп те емес,Барып көр,Барып кеңес.
Бізге жүр, жыр жырлайық,Сізбен бір бір жырлайық.Баста енді жыр лайық!
Бұлаң-бұлаңЕткен бұл аңЖүні қылаңЕкен бұлан.
Дұрыс деп Тұраш айтты,Бұрыс деп Бораш айтты.Жалған деп Жарас айтты,Рас деп Рәш айтты.Қайыссы жалған айтты,Қайыссы рас айтты?!
Таппай қойсаң Жақыпты,Taп қайтсең де Сақыпты.Таппай қойсаң Сақыпты,Taп қалай да Жақыпты.Сақып жүрмес Сақыпсыз,Сақып жүрмес Жақыпсыз
Үш қышқа ұшқыш үш құс қонды.
Баланы қанағаттандыра алмадыңдар —Қалаға аттандыра алмадыңдар.
Ара-тұра тал арала,Тал ішінде талар ара.Ара-тұра қала арала,Таппай сені қалар ара.
Маймылдың тісі тіс-ақ,Түсі түс-ақ.Істеген ісі іс-ақКісі құсап.Бірақ ұсақ,Ұсағы ұсақ!
Балақты қырық түрік түріп-түріп,Жүгірді қырық түрікТұрып-тұрып.
Сүйініш ауырса бір,Үй іші абыр-сабыр.Қылмайтын абыр-сабырОдан да тәуір Сабыр.
Атам:«Балама ат аламын», – дейдi.Апам:«Балама ала мата аламын», – дейдi.Атасы ат ала ма?Апасы ала мата ала ма?
Атам томағаламаған бүркiттiМен томағаламағанда,Кiм томағалайды?
Алпыс алты ала баспақ бақтым,Алпыс алты ала баспақтың iшiндеТарғыл тарбақ басы ақ баспақ бар.
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақтыМен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
АсқатЖамап-жасқап,Жасапты ақ сапты аспап.Ақ сапты аспабы –Жап-жақсы аспап.