Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Тостақтан іші кішіTic қаққан күшік ішіп,Бос уақта тісі қышып.
ҚаусатыпҚұс атыпҮш жыл,Түсірдім жүз шажа, жүз шіл.
Қазанда шұжық жүр,Үш шұжық жүзіп жүр.Шұжықшыл Жүсіп жүр,Шұжықты сүзіп жүр.
Ісіңе сен кеш кіріссең,Тындырмайсың еш бір іс сен.
Әсірелеңкіреген екенДемеңіз,Аса ірілеңкіреген екенДенеңіз.ӘлсіреңкіремейДенеңіз,ӘсірелеңкірегенДемеңіз.
Тымақ киіп қасқа басқа,Міндім мен басқа қасқа.
Шірік сырық,Қырық құрық па?Қырық сырық,Шірік құрық па?
Менің нем кем деп ең,Бер үйді ең кең деген.Бер үйді ең кең деген,Менің нем кем деп ең?!
Мен шоң ба сонда, сен шоң ба?Кім кіші, шоңы кім сонда?!
Ақынның батылдылырағын айт,Батырдың ақылдылырағын айт.Ұстаздың сабырлылырағын айт,Шәкірттің алғырлылырағын айт.
Көбейсін атұстар,Болмасын атыстар.Болса мол атыстар,Қалмайды атұстар.
Боламыз атама таң:Бір қызық адам атам.Мінеді атам атан,Мінді деп атан атам,Айтуға бата ма адам!
Жолға ол да жорға алады,Жорға жолда зорға жорғалады.
Алма алма, бал ал!Жая алма, Жал Ал!
Қожаш шашынСапашқа алдырды ма,Сапаш шашынҚожашқа алдырды ма?
Досқа дос қол бұлғайды,Қасқа қас қол былғайды.
Шын жүйрік торыала ма, қараала ма?Қарааланы босқа сен қаралама!Бермеймін қарааланы торыалаңа,Торыалаң оған таяу бара ала ма?Қарааланы босқа сен..
АрдагердіЖауда көр,СаудагердіДауда көр!
Қоямын деп алып қоймағаннан,Қоямын демей-ақ қойған артық.
Гәп балда емес,Гәп әлде.Гәп малда емес,Гәп халде.Әл де,Хал деЖоқ па әлде?!
СұстыТүсті,ҰштыТістіАрыстанғаБарыс таң ба?!
Ұзаққа тұзақ — тозақ,Ұшпайды ұзап ұзақ.Түседі ұзақ өзі-ақ,Ұзаққа тұзақ — тозақ.
Ала ісекті,Қара есекті,Сұр құлақтыСары лақтыБосқа беремДосқа, дер ем!
Қап-қап қақтыАппақ апты.Ақтық қаптыАқық апты.
Лек-лек үлек келді,Көп үлек түлеп келді.