Бөлім: «Жаңылтпаштар»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Көкен көсіліп сөйледі,Көшен оған қосылып сөйледі.Көшен оған қосылып сөйлеген соң,Көкен тосылып сөйледі.
«Канадаға да барам » -- деп,«Панамаға да барам» -- деп,Канада да бара алмай,Панамаға да бара алмай,Маман аға Саваннаға кетті!
Қазанға ас салмақшы еді,Азанда ас қамдамақшы еді.Бірақ, қазанға ас сала алмадым,Азанда ас қамданылмады.
Жарда қарға қарқылдады,Қарға жарда қарқылдады.Расында жарда,Қара қарға қарқылдады.
Кілт іздеген қара шал,Бұлт іздеген Бағашар.Бұлт іздеген жараспас,Кілт іздеген жарасар.
Масаны шыбын шақты,Маса масаға мұңын шақты.Құлыншақты да шыбын шақты,Құлыншақ бұрын шапты.
Көсе көсеге көсеу көрсетті,Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?Көсенің көсеге көрсеткенКөсеуі – бесеу.
Бұл пілОл пілге ұмтылды.Ол пілОл пілге ұмтылды.Бұл пілге ұмтылды.Бір піл іркілді,Бұл піл іркілмеді.
Үміт түбіт түтті,Түбітті түтіп бітті.
Қаспақ,ҚаспақТолық тостақ.Асқат жедіҚаспақ.Тостақ толыҚаспақЖақсы-ақ!
Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....
Қыс қыспаса, қыс па?Құс ұшпаса, құс па?
Бұл қар – сұр қарСұр қар – кір қарҮстінде ойнама,Үстіңді былғар.
Мұртты мұртын сүртті,Мұрттыны біреу түртті.
Ала қарға қарға қонды,Қара қарға жарға қонды.
Ақ шар бар,Көк шар бар,Көп шар бар,Төрт шар бар.
Aлмa тepiп бaлaқaйлap,Aлaқaйлap,Taлaпaйлap.
Шемішке шақсаң шақ,Шапшаң шақ.Шөбіңді шапсаң шап,Шапшаң шап.
Шамалы шыршасы шырайлы,Шынары шінәра ұшырайды.
Құрысын шу!Құрысын шу!Жетеді бір ішім су,Бетіңнің шырышын жу!
Көрмеген үш қысКөкеңді ұшқышҚұшақтап қыс, құш,Құш, қыс!
Шеше, кеше неше есе кесе көп
алдыңыз?
Шеше, кеше неше есе кесе кем
алдыңыз?
алдыңыз?
Шеше, кеше неше есе кесе кем
алдыңыз?
КөшКеш келді.БесЕшкі өлді.
БалаңаАлшаАлсаБолады?ДорбаңаҚаншаАлшаСалсаТолады?
Шөжем деп шешесі бәйік,Шешем деп шөжесі бәйік.Шешесі шөжем жесін дейді,Шөжесі шешем жесін дейді.