Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Үйге кіріп киім ілді,Сыртта шешіп, үйде киді,Бірін тастап, бірін киді.
Үйреншікті істі,Үйреткішсіз-ақҮйреністі.
Үлгілілік — үйретуден.Үлгерулік - үйретуден.Үлгілілік - үздіктен,Үздіксіз үйретуден.
Фархат ферғаналық Фазылов,Фатих фрунзелік Фазылов.
Хатипа менХатипаға,Харьковтегі ҚамарғаХамит ағаХат жазғын, — деді
ШағалағаКамал ағаҚадала қарады.Камал ағаШағалағаҚалада емесДалада қадала қарады.
Шақпақ тасты, аппақ тастыШақпақшы шалШығып, шашты.
Шақшалы шал бақ шарлар,Ақ шашты шал ат байлар.
Шалбарын тапса,Байпағы жоқ.Байпағын тапса,Қалпағы жоқ.Салаққа мұндайАйтарым жоқ.
Шекілдеуікті шаққыштар,Шөпшекті жаққыштар жақсыншы.
Шеңгел! Шеңгел!Шеңгелге енген де,Шеңгелде сенделген деЕріншек Ерден бе?
Шешендер шебер,Шынайы шенер.Шенелген шіркін,Шөмиіп шөгер.
Шешесі қыз іздеп барады,Көкесі біз іздеп барады.Ағасы тұз іздеп барады,Баласы көшеде: «ыз...ыз...ыз!» деп барады.
Шыбыс дыбыс шығарды,Шығысқа шыбыс ығысты,Қасқыр шыбысқа қарай жылысты.
Шымшық шымшықты шымшылады.ШымшықтарТыныштықты тыншымады.
Шырша сыпырғыштыңҰшы шырпылсыншы.Барша сыпырғыштыңҰшы қырқылсыншы.
Уәли атты ағасыУкраинадан келемін деп,Уәлихан жүр, қарашы,Уақытын күтіп елеңдеп.
Тоғайда шоғайнаЖабысар борбайға.Кей бала ондайдаБасады ойбайға.
Төбесі төбел төрт бөрікТөртеуі де көк бөрік.
Қаладан алғаным -Алты - арба асқабақАлты - арба асқабаққа жеккенім -Жеті - ала тарғыл баспақ,Тайпақ мүйіз, ақ бөксе баспақ,Ақ бөксе баспақ.
Шуақтаған ботамды,Шуға апарып шуладым.Шудалаған шудасын,Суға салдым,Судан алдым,Суға малдым.
Ай, ай, Айдарбай,Иір мүйіз сиырдыҮйіңе айдай бар!
Қарамайлы қарағайдыКесейін бе, кеспейін бе?Қазықтағы қара тайдыШешейін бе, шешпейін бе?
Суда сең келеді,Сегіз серке тең келеді.Суға сақалын мала, сілке,Суға сақалын мала, сілке.
Құман от басында,Жүген ат басында.От басынан құманды алыс тастасын ба?Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба?