Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Сабалақ абалап үрді,Сабалақ қотандыЖағалап, абалап үрді де жүрді,Сақпаншы құлағын түрді де жүрді.
Саматқа санақ қонатын емес,Саусағын санап болатын емес.Онысы кейде кем болып шығады,Кейде кенет он болып шығады,Кейде одан да мол болып..
Салтап, сақтап орақ, шалғы,Жұмсай берді олар, олақ шалды.
Сары шал маршал болды,Маршал болған сары шалдыКәрі шал қарсы алды.Маршал келді, - деп,Көрі шал жар салды.
Сатып тайлақты,Алдық тай, лаңты.Сатып тай, лақты,Алдың тайлақты.
Сексен сегіз сәбіздіКүнде өгізге жегізді.Күнде сексен сегізСәбіз жеген өгіз семіз.
Сиыр баласын "Торпағым" дейді.Қоян баласын "Көжек, қорқағым" дейді.
Сөздің соңын тақпақтады,Талай тақпақ таппақ тағы.
Сұқсыр үйрек сүңгігіш пе?Сүйір үйрек сүңгігіш пе?
Сұқсыр үйрекБилеп-билеп ұшты.Сұқсыр үйрекке ілесіпБір ірі үйрекҚанатын сүйреп ұшты.
Сылдырмақ сылдырлады,Сәби былдырлады.Сылдырмақ сылдырласа,Сәби былдырлай ма?Сылдырмақты сындырмай ма?
Тас,тас, тасбақа,Асты-үстінде тас-тапа.Келсін қасқа- асқа, ата,Берші бата, досқа, ата.
Тау басында тарымды жедім,Жар басында жармамды жедім.Сайға түскен соңСонан қалғанды жедім.
Телпек ұстағанШелпектің қасынан табылды.Келтек ұстанғанШелпектен қағылды.
Томағаланған төрт бүркіт - қолда.Томағаланбаған төрт бүркіт - торда.Қанша бүркіт болады сонда?
Томпылдақтар-ай,Қомпылдақтар-ай,Тоңқылдақ торғай,Қоңқылдақ қор-ай,Тоңқаңдап бырқ-бырқ,Томпаңдап былқ-былқ,Тартады бүлк-бүлкБатпаққа қарай.
Тортты ұнатамын торы ала атым,Ала қарға түстес қара ала атым.Астымда болса, асудан асып,Шамам бар қасқыр қаға алатын.
Торы атты да жараттым,Кері атты да жараттым.Тынысы кең торы аттың,Екпіні зор кері аттың.Тұлпар тағаланулы,Тұйғын томағаланулы.Таңырқарлың тапқырлық..
Тұмсығы балғаға айналар,Балғасы қайлаға айналар.Қайласы қайыңға қайралар,Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.
Тысы тым көрікті,Үкілі үш бөріктіҮлестір деп беріпті.
Уатушы УәлидіУәзирамыз уайымсыз.Уілдейді Уәлиі,Уақыт уәжсіз Уәлисіз.
Ұрыспаз, ұғымтал-ұғымпаз,Ұғыспаз, ұрыншақ-ұрынпаз.
Ұстара, ұстара!Ұстара мұрт алуғаҚұштар, ә!Құштар, ә!
Ұстара, ұстара!Шаш алуға құштар, ә!Құштар, ә!Ұстарада күш бар, ә!
Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе алдым,Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.