Бөлім: «Жаңылтпаштар»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Бұзау бұлқынып,Мойыншағын үзе ме?Мойыншағын үзген соң,Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?
Біздің бағланБапкер бағлан.Бағы бітік,Бақ бағынан.
Бір ағаПрагаға кетті.Бұл аға ПрагағаНегізгі Құрамада кетті.
Виктор ағайДиктор ағайға:«Бұл өзі мықты ірі ағай!Мықты ірі ағай!» - деді.
Жағаның оңы - оң болар,Жаңаныңөңі - өңболар:Оңды - оң де,Өңді - өң де!
Жаужүректі жаужүрек дейміз,Тау құдіреттіТау құдірет дейміз.
Жегіп алып арбағаПарманқұл пар-пар атты,Аралады шартарапты,Алатаудан арқар атты.
Жез түстес үзік-үзік,Зер жіппен ақ үзіктіӨрнектеп жүзік тізіп,Әдемі етіп ызыпты.
Жолаушыны арбалыТонаушылар байлады.Қырда жортқан көп аңшыТонаушыны байлады.Жолы болған жолаушыҚара жолмен заулады.Тонаушылар байлаулыЖаралы аңша..
Жоғалды бес шыбыш,Жоң өлі еш сыбыс.Жоқ өлі еш сыбыс,Жоғалды бес шыбыш.
Ибалы - инабатты.Игісінді - ибадатты.
Кәпңаз — «қап» тауы ма?«Қап» тауы - Кәпқаз емес.Ойдан орғытып біреудің тапқаны ма?!
Кендірден кенеп шығар,Кенептен елек шығар.Електен кебек шығар,Кебек те керек шығар.
Көбелек бедеде,Бөдене көдеде,Беде не? Көде не?Бедені беде де,Көдені көде де!
Көк аспанда жұлдыз бар,Мөлдір суда құндыз бар.Жұлдыз түнде жылтырар,Құндыз түнде жылтырар.
Көше бүгін көктайғаң!Көктайғақта тоқтай қап,Көкбай балаКөктайғақты боқтайды-ақ!
Көпбай көк атын айдап келеді,Көк ат шөбін шайнап келеді.Көк ат көк өзеннің бойын бойлап кедедіКөпбай көк атын ойына ап келеді.
Көпті көп,Азды аз дейміз.Қысты қыс,Жазды жаз дейміз.
КүлегешТілеулесБұл емес!Кіл егесШығаргышБұл — Елеш.
Кінә бар,Күнә бар,Күмән бар.Кінә не,Күнә не?Күмән не?Кінәні артады,Күнәге батады.Күмән боп жатады.Кінәлі, күнәлі,Күнәлі күмәнді,Күмәнді кінәлі.
Қазықты тоқпақпен тоқпақтағандаТоқпақты тоқтатпай тоқпақта.
Қаңбақ-тоңғақ!Тоңғақ-қаңбақҰшты иық қомдап!
Қапты ап, мақта ап,Мақта қапталап,Қақтап аптап,Теріміз ақты-ақ.
Қара бояу да,Ақ бояу да бар менде.Қара бояуларАқ бояудан кем бе?
Қарақат терген рахат па?Тұра қап қарақат жеген рахат па?Тауықтар да қарақатқа құмар ма?Тарысы бар ала қап та ұнар ма?