Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Аңдысын аңдамай ҚонайАлдамназға иланып,Аңырайып қалды оңай.
Анам апалаң-сапалақ,Алаңғасар балаға қатал-ақ.
Арман «арба» деп еді,Жанар тілі келмей «сарба» деді.Ажар «әріп» деп еді,Айнұр тілі келмей «Шәріп» деді.
Аршалы қияқ қабақтаАлшаң басқан ғана ат па?
Аралас-құралас араласса,Ағайын аралассын, бірақ табаласпасын.
Ақ тайыншаның қатығын,Аппағыма берейін.Аппағымның атын тез,Айтқаныңа беремін.
Аралдағы ауылды аралатқызса, ағайынАралатқызсыншы, мен де еріп барайын.
Арбасқандарды арашалаттырса,Арашал атқызыңдаршы.
Арлан қасқыр арпалысса, Арсалақтайды.Арып-ашып қырды шарлап құр салақтайды.
Аршысуға арықтыАршынбар бешпеттіАршын төс ару да барыпты.
Арықтың бойындаАрықша АқбалаАсыға кірісті ойынға.
Асанқайғыланбай-ақ, жасарда шатыр,Ағайындарды асарға шақыр.
Асатаяқ ұзын ғой, аса таяп ұстамашы,Аса таяп ұста деп Құмашты қыстамашы.
Асауды бастықтырайық,Ауыздықтатқызыңызшы,Алқымынан біз басып тұрайық.
Асаусынған ала құнан бұлқынып,Ауыздықпен алысып тұр жұлқынып.
Асқабақ басқарақ өскен бе,Ашқарақ піспей-ақ кескен бе?Ассалаумағалейкум, Астана,Аспаңдап ажарланған Бас қала!
Астапыралла, найзағай шатырлап жарқ етті.Астан-кестен нөсер құйып сатырлапАспанды осқан найзағай от жалт етті.
Асығын Асан:- Алшы түс, - деп иірді,Асықпай сақасын шиірді.
Ауаннан жүр аулағырақ,Адалдықтан аума бірақ.
Аусарлау аусар,Аусарланса, нені аңсар?
Ауыздықпен алысқан арғымағыАрнасы кең арықтан қарғымады.
Ауылда асық ойнап, қозы бақтым,Ауылдастан тай бәйгеде озып ақтым.
Ауытқыш ауытқушылыққа араша тұра ма?Ауытқушымен тіл тауып жараса тұра ма?
Аша ағаштан ашамайдыАйшықтап неге қашамайды?
Аша мұрт шаяндыАсауға балықтар таянды.