Салт дәстүр күні туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 29
Құттықтау, тілектер: 10
Шығармалар: 2
Эсселер: 3

Біздің мықты салт-дәстүр
Біздің мықты салт-дәстүр, Бабалардан жалғасқан. Жалғаймыз біз дәстүрді, Қайғы-мұңға салмастан.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Баламын мен тәртіпті
Баламын мен тәртіпті, Мәдениетті сақтайтын. Тәрбиелі, өнерлі, Ел үмітін ақтайтын.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Берік біздің іргеміз
Салтымыздың барында, Берік біздің іргеміз. Насихаттап дәстүрді, Адымдаймыз күнде біз.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениет жанға азық
Мәдениет жанға азық, Тәрбие, өнер беретін. Жақсылардың соңынан, Ізін басып еретін.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Біз бақытты баламыз
Біз бақытты баламыз, Салтымыз бар ғажайып. Насихаттап дәстүрді, Басқа елдерден озайық.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениет ол бағымыз
Мәдениет ол бағымыз, Тәрбиелі еткізер. Өнер, білім, тәрбиені, Бойымызға жеткізер.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салтымыздың барында
Салтымыздың барында, Жанданамыз жұлдыздай. Берік ұстап әстүрді, Жарқыраймыз құндыздай.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениет жолында
Мәдениет жолында, Үн қатамыз бәріміз. Өнер, білім тәрбие, Айнымайтын жанымыз.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салт-дәстүрдің күні бұл
Құтты болсын кеп жеткен, Салт-дәстүрдің күні бұл. Жана берсін салтымыз, Қазақтықтың үні бұл
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Құтты болсын мәдениет күні бұл
Құтты болсын мәдениет күні бұл, Наурыздың бұл алтысына болатын. Мәдениет өнер, білім, тәрбие, Толған айдай бір жанасып толатын.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салтымызбен мақтанып
Қүрметтейміз дәстүрді, Салтымызбен мақтанып. Ата-баба жолымен, Келеміз біз бапталып...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Көңіліміз жай біздің
Көңіліміз жай біздің, Мәдениет барында. Өнер, білім, тәрбие, Үлес қосар тағы да.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салтымызды сүйеміз
Салтымызды сүйеміз, Қазақтықты көрсетер. Дәстүріміз әлдилеп, Елімізді тербетер...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Өнер, білім, тәрбие
Өнер, білім, тәрбие, Мәдениеттің айғағы. Қазақтыңтың бұзылмас, Көрсетілер қаймағы...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салтымыз бар, дәстүр бар
Салтымыз бар дәстүр бар, Қазаққа дем беретін. Жақсы көрем салтымды, Көңілге күй себетін....
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениет ақ таңдай
Мәдениет ақ таңдай, Төгер бізге арайын. Өнер білім, тәрбие, Берер бізге талайын.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениет сәніміз
Мәдениет сәніміз, Жанымызды гүлді етер. Шырайлы атар таңымыз, Әрбір күнді нұрлы етер...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Салт-дәстүрді сақтаймыз
Салт-дәстүрді сақтаймыз, Ата-баба жолымен. Насихаттап жүреміз, Оңымыз бар солымен.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениеттің үніміз
Мәдениеттің үніміз, Сыпайылық сақтайтын. Өнерліміз, тәрбиелі, Ел үмітін ақтайтын.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Дәстүр біздің салтымыз
Дәстүр біздің салтымыз, Қазағымның айнасы. Біліп жүрсек оларды, Біздерге көп пайдасы...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениет ол мәдениет
Мәдениет ол мәдениет, Өнер жолын жалғайтын. Тәрбиеге, тәптіпке, Жүрер жолды таңдайтын...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Ел үмітін ақтаймыз
Салтымызды сақтаймыз, Ел үмітін ақтаймыз. Ата-баба жолынан, Алшақ болып қашпаймыз!
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениеттің барында
Мәдениеттің барында, Таза біздің жанымыз. Тәрбиелі, тәртіпті, Боламыз біз бәріміз.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Біздің мықты салтымыз
Біздің мықты салтымыз, Арта берсін даңқымыз. Жүріп ата жолымен, Ішеміз біз бал-қымыз.
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Мәдениетті баламыз
Мәдениетті баламыз, Бұзықтыққа жаны қас. Тәрбиесіз балдардың, Қастарынан табылмас...
©  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні