Оқушыларға арналған тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 26

Хош бол, хош бол бастауыш
Хош бол, хош бол бастауыш, Берген алғаш жанға азық. Сенің арқаң үйренсек, Әріп танып, біз жазып. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым, мектебім
Бастауышым, мектебім, Сенде өтті төрт көктемім. Сенің арқаң бастауыш, Беске беспен өткенім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Сенен оқып, бастадым
Сенен оқып, бастадым, Әріптерді жаңадан. Бастауышым рахмет, Түлеп ұшар бар адам. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауыштың үні бұл
Бастауыштың үні бұл, Жүректерді тербеген. Бүрін жарған гүлі бұл, Жанымызды емдеген. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Мектебім сен, бастауыш
Қолға қалам алғызған, Әріптерді жазғызған. Мектебім сен бастауыш, Мектепке алғаш барғызған. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Рахмет саған, бастауыш
Рахмет саған, бастауыш, Сенен әріп үйрендім. Төрт жыл оқып өзіңде, Бір керемет күйге ендім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым өзіңсің
Бастауышым өзіңсің, Әріптерді танытқан. «Оқи алам» деп бүгін, Әлемге жар салытқан. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым
Бастауышым таңымсың жарқыраған, Сенен білім алады сан мың адам. Түлеп биік ұшады бәрі сенен, Сондықтанда ең қымбат сенің бағаң. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Хош бол, бастауыш
Бастауышым әрқашан нұрың жарық, Сен арқылы үйрендім әріп танып. Төрт жыл бойы өзіңнен білім алдым, Жас теректей шығатын бүрін жарып. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым, мектебім
Бастауышым, мектебім. Өзіңе мен хош дедім. Төрт жыл білім алып мен, Жасыл болып көктедім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым хош бол
Бастауыш, хош бол мектебім, Сенде өтті төрт көктемім. Оқуды біз үйрендік, Күлім қағып көкте күн. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышқа рахмет
Бастауышқа рахмет, Әріптерді оқытқан. Ұстаздарға рахмет, Көңілге оны тоқытқан. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышпен қоштасу
Хош бол енді бастауыш, Әріптерді үйреткен. Қолға қалам алдырып, Хат жаздырып сөйлеткен. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Хош аман бол ұстазым
Хош аман бол ұстазым, Білім берген біздерге. Бас иеміз шынында, Шын ниетпен сіздерге.
©  Жібек Ысқақова
Хош аман бол мектебім
Хош аман бол мектебім, Қайта айналып келгенше. Білім күні сағынып, Оң аяқпен енгенше.
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау үнімен
Соңғы қоңырау үнімен, Тербелеміз біз бүгін. Соңғы вальс әнімен, Би билейміз біз бүгін.
©  Жібек Ысқақова
Келді соңғы қоңырау
Келді соңғы қоңырау, Үш ай жазғы демалыс. Достар аман болыңдар, Жақындағы, ең алыс.
©  Соңғы қоңырау күні
Ашық болсын жолдарың
Бүгін соңғы қоңырау, Құтты болсын кеп жеткен. Ашық болсын жолдарың,Күндер көп боп тербеткен. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Түлектерге сәттілік
Соңғы қоңырау үнімен, Би билеген түлектер. Биікке өрле, самғаңдар, Орынлалып тілектер!
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау бастайды
Соңғы қоңырау бастайды, Демалысқа біздерді. Хош аман бол достарым, Жалғап жарқын іздерді.
©  Соңғы қоңырау күні
Құтты болсын мереке
Бүгін соңғы қоңырау, Құтты болсын мереке. Қыркүйекте қауышып, Арта берсін береке. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Бүгін соңғы қоңырау
Бүгін соңғы қоңырау, Үніменен тербеген. Үш ай жазғы демалыс, Кел соңымнан ер деген. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Ұстаздарға мың алғыс
Ақ жұлдыздай жарқырап, Нұр сәулесін төгетін. Ұстаздарға мың алғыс, Бізге білім беретін. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Келді соңғы қоңырау
Келді соңғы қоңырау, Қоштасатын сәт бүгін. Хош аман бол ұстаздар, Әр күн сыйлап тәтті үнін. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау үнімен
Соңғы қоңырау үнімен, Тербелеміз біз бүгін. Ұстаздарым айтуда, Осы жылдың үздігін. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні