Жаңаөзен туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Тақпақтар: 28
Өлеңдер: 23
Нақыл сөздер: 1
Құттықтау, тілектер: 10
Шығармалар: 2
Эсселер: 2

Мақтанамын сенімен
Жаңаөзенім, жан қалам, Мақтанамын өзіңмен! Батылдықты көремін, Тұрғындардың көзінен.!
©  Жаңаөзен қаласы
Тудым сендей қалада
Мұнайы бар, газы бар, Тудым сендей қалада. Үлкенге де, кішіге, Құшақ ашар балаға.
©  Жаңаөзен қаласы
Жасай берші, Жаңаөзен!
Жасай берші — Жаңаөзен, Саған бақыт тіледім. Қалам өзің сүйікті Шаттығым деп білемін!
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен қаламды
Жақсы көрем әрдайым, Жаңаөзен қаламды. Бір өзіне сағынтып, Баураған бар адамды.
©  Жаңаөзен қаласы
Сен деп соғар жүрегім
Сенен алыс жүрсем де, Сен деп соғар жүрегім. Жаңаөзенім мен сені, Батырым деп білемін.
©  Жаңаөзен қаласы
Сенен кетсем жырақтап
Сенен кетсем жырақтап, Сағынамын сені ойлап. Жаңаөзенім Жарығым, Үмітіңді тұр ақтап.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенім бұл менің
Маңғыстаудың мекені, Жаңаөзенім бұл менің. Газ, мұнайлы мекенім, Амандықта тұр елім!
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенге келгенде
Жаңаөзенге келгенде, Серуендесең жайнайсың. Таныстарды көргенде, Бақытыңа балайсың.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенім сен менің
Жаңаөзенім сен менің, Жүрегімді тербейтін. Мықтылардың қаласы, Өсек-сөзге ермейтін.
©  Жаңаөзен қаласы
Басымды иіп өзіңе
Туған қалам Жаңаөзен, Саған келдім сағынып. Сені ойлаймын, қуана, Қалсам егер қамығып.
©  Жаңаөзен қаласы
Мықтылардың қаласы
Мықтылардың қаласы, Мықтылардың даласы. Жаңаөзенім өзіңсің, Қалалардың дарасы.
©  Жаңаөзен қаласы
Жанымсың сен — Жаңаөзен!
Жанымсың сен — Жаңаөзен, Бағымсың сен — Жаңаөзен. Арайлы атар күн сайын, Таңымсың сен — Жаңаөзен
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен қаламсың
Жаңаөзен қаламсың, Ғашық еткен өзіңе. Туған жерім Жаңаөзен, Бақ тіледім өзіңе!
©  Жаңаөзен қаласы
Келші Жаңаөзенге
Досым деймін, құрдасым, Замандасым, сырласым. Келші Жаңаөзенге, Досың сені жырласын! Жаңаөзеннің кешінде, Әсем әуен тыңда шын! Серуендейік екеуміз..
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенге келгенде
Жаңаөзенге келгенде, Тұрып қалмай, серуенде. Газ, мұнайдың мекені, Қуантар сен келгенде.
©  Жаңаөзен қаласы
Шаттығымның мекені
Шаттығымның мекені, Жаңаөзенім өзіңсің. Туған жерім, кең далам, Жақсылардың сезісің.
©  Жаңаөзен қаласы
Мен бақытты баламын
Жаңаөзенде туылған, Мен бақытты баламын. Аспаныңда жарқырап, Жұлдыз болып жанамын!
©  Жаңаөзен қаласы
Мықты қалам өзіңсің
Қиындыққа төзімді, Мықты қалам өзіңсің. Мұнайлы газ мекенім, Жақсылардың көзісің.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенді қараңыз
Күнің болып шашылар, Гүлің болып ашылар. Жаңаөзенді қараңыз, Шыншылдыққа бас ұрар.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзендей қалам бар
Жақсылыққа бастайтын, Жаңаөзендей қалам бар. Тұрғындары жаужүрек, Мұнайлы, газ далам бар.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен деп ән салам
Жаңаөзен деп ән салам, Таңмен ерте тұрып ап. Бір өзің деп жыр жазам, Шаттығымды құрып ап
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенім бақытым
Жаңаөзенім бақытым, Қызықты өтер уақытым. Гаухарымсың, асылсың, Баға жетпес жақұтым!
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенім сен менің
Жаңаөзнім сен менің, Ең сүйікті қаламсың. Сенде жүрсем жадырап, Сенен қуат алам шын.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзенім ерекше
Жаңаөзенім ерекше, Жадыратар жанымды. Шырайыңмен тербелеп, Кіргізесің бағымды.
©  Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен сен барда
Жаңаөзен сен барда, Газым да бар, мұнайым. Сенде жүрсем күн сайын, Кіреді шын шырайым.
©  Жаңаөзен қаласы