Көкшетау қаласы туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 9
Шығармалар: 2
Эсселер: 3

Көкшетауым сен барда
Көкшетауым сен барда, Түспейді еш көңілім. Бурабайым сен барда, Жанданады өмірім. Жұмбақтасым сен барда, Жоғалмайды сенімім. Таулы аймағым сен барда..
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауым жанымсың
Көкшетауым жанымсың, Шаттығымсың, бағымсың. Бурабайым баурайтын, Оқжетпесім тағымсың.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауым ай, күнім
Көкшетауым ай күнім, Ғажайыбын сыйлайтын. Қалам осы қараңыз, Бар жақсыны жинайтын.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауға келсеңіз
Көкшетауға келсеңіз, Оң қадаммен енсеңіз. Бурабайға барайық, Оқжетпесті көрсеңіз. Жұмбақтас тұр жарқырап, Оған сәлем берсеңіз. Күйге енесіз ғажайып..
©  Көкшетау қаласы
Көкшетаудың таулары
Көкшетаудың таулары, Жанды баурап алады. Сұлулығы ерекше, Бәрін жаулап алады.
©  Көкшетау қаласы
Балқадиша
Кесенесі бар мұнда, Балқадиша арудың. Ақан сері жырлаған, Осы сұлу аруың. Көкшетаудың мекені, Таудың сұлу етегі. Кереметі бітпейді, Жүректерге жетеді.
©  Көкшетау қаласы
Қабанбайдың мекені
Кесенесі бар мұнда, Қабанбайбың, Ерасыл. Көкшетауда тұр анық, Күйге еніп жаңашыл
©  Көкшетау қаласы
Кенесары үңгірі
Кенесары үңгірі, Тау тасында тұр анық. Жері осы тынықан, Хан Кененің бұл анық. Әскерімен түнеген, Жер осы тұр нұрланып. Көкшетаудың мекені..
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауым бұл менің
Абылай хан алаңы, Көрікті етер даланы. Көкшетауым бұл менің, Мықты әрбір қадамы.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетаудың мекені
Қосбатыр Құмай кешені, Көкшетаудың мекені. Қорымдары бар тағы, Жүректерге жетеді.
©  Көкшетау қаласы
Оқжетпес шыңы
Оқжетпес шыңы баурайтын, Жұмбақтас бар, жартасы. Көкшетауды мекені, Қаламыз бұл ең жақсы.
©  Көкшетау қаласы
Кербез сұлу Көкшетау
Кербез сұлу Көкшетау, Жанымызды баурайтын. Қарайғалы орманы, Таза ауаны жалғайтын.
©  Көкшетау қаласы
Сұлуы сен Арқаның
Сұлуы сен Арқаның, Көкшетауым киелім. Бурабай бар, Зеренді, Мен басымды иемін.
©  Көкшетау қаласы
Жанға сая Көкшетау
Табиғаты ерекше, Жанға сая Көкшетау. Бара қалсаң қарсы алар, Құшақ жая Көкшетау!
©  Көкшетау қаласы
Ежелгі қалам Көкшетау
Ежелгі қалам Көкшетау, Бекініс боп атанған. Солтүстіктің қаласы, Сұлуланып жасанған.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетаудың таулары
Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жыланды бар, Имантау. Зеренді бар, Бұқпа бар, Қаласында Көкшетау.
©  Көкшетау қаласы
Қарағайлы орманы
Бурабайдай көлі бар, Қарағайлы орманы. Оқжетпестей төрі бар, Киелі жер қорғаны...
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауым, Көкшем бұл
Көкшетауым, Көкшем бұл, Әркез жасыл көктем бұл. Қуанасың, шаттана, Көкшетауға жетсең бұл!
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауды білемін
Көкшетауды білемін, Оған құлақ түремін. Бурабай боп сарқырап, Оқжетпес боп күлемін.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауды қарашы
Көкшетауды қарашы, Қазақтың кең даласы. Табиғаты тамаша, Қалалардың дарасы.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауым осындай
Көкшетауым осындай, Жанға жайлы, баурайды. Жадыратар жаныңды, Арайлы атар таңдайды.
©  Көкшетау қаласы
Көкшетауым бұл мекен
Көкшетауым бұл мекен, Жан жүрегім, гүл мекен. Бурабай бар, Оқжетпес, Әндері бар, жыр мекен.
©  Көкшетау қаласы
Елдің ерке қаласы
Елдің ерке қаласы, Көкшетауым жүрегім. Қай жерде мен жүрсем де, Өзіңді ойлап жүремін.
©  Көкшетау қаласы
Таулары бар, суы бар
Таулары бар, суы бар, Көкшетауым бұл менің. Осы туған қаламмен, Көкшетаумен біргемін.
©  Көкшетау қаласы
Жазда бардым қыдырып
Көкшетауға биыл мен, Жазда бардым қыдырып. Әр жыл сайын баруға, Қалғандаймын құнығып.
©  Көкшетау қаласы